24.04.2017, 21:29 2583

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды қауiпсiздiк шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды

"Шал ақын ауданында елдi мекендерге төнiп тұрған ешқандай қауiп жоқ. Есiл ауданында да жағдай тұрақтанды. Қазiр мол су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына жеттi. Онда саяжайлар суға кеттi. Бұл -жыл сайын болып тұратын қалыпты жағдай. Штаб күн сайын жұмыс iстеуде, бiз жағдайды бақылауға алып отырмыз", -дедi Құмар Ақсақалов.

Петропавловск. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Жедел шатабтыӊ көшпелi кеӊесi кезiнде Құмар Ақсақалов БАҚ өкiлдерiн тағы да су тасқыны туралы ақпараттандырды. Сергеев су қоймасында судыӊ ернеуден көтерiлуi 1 метр 90 сантиметрдi құрайды.

"Шал ақын ауданында елдi мекендерге төнiп тұрған ешқандай қауiп жоқ. Есiл ауданында да жағдай тұрақтанды. Қазiр мол су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына жеттi. Онда саяжайлар суға кеттi. Бұл -жыл сайын болып тұратын қалыпты жағдай. Штаб күн сайын жұмыс iстеуде, бiз жағдайды бақылауға алып отырмыз", -дедi Құмар Ақсақалов.

Соӊғы тәулiктерде 118 адам, оныӊ 90-ы -бала, және 147 бас мал қауiпсiз жерге көшiрiлдi. Заречное ауылында үйлер суға кеткен жоқ. Жекелеген тұрғындар үйлерiн тастап кетуден бас тартуда. Өӊiр басшысы дер кезiнде жасалған эвакуация мүлiк пен өмiрдi сақтау үшiн қажет шара екендiгiн атап айтты.

"Петропавл қаласыныӊ және Заречный кентiнiӊ тұрғындарына айтарым: ТЖД қызметкерлерiнiӊ талабын орындау және жағдайдыӊ қиындауынан сақтану үшiн қауiпсiз жерге бару керек. Тұрғындар соған мүдделi болуға тиiс. Адамдарды, жүктердi және малдарды көшiретiн қажеттi техникалар бар. Бiз мұндай мол суды бұрын-соӊды көрген жоқпыз. Сондықтан барлығына дайын болу керек", -дедi өӊiр басшысы.

Журналистердiӊ сауалдарына жауап бере келiп, облыс әкiмi Былғары зауыты маӊында қалыптасқан жағдайға тоқталды.

"Өткен жылы 800 метрдей жаӊа бөгет тұрғызылды. Ол жұмыс iстеп тұр, қоры да жеткiлiктi. Кеше бiз судыӊ ескi бөгетке тақалғаны жөнiнде хабар алдық. Қазiр одан су асып кетпес үшiн, оны нығайту, яғни биiктету жұмысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыспен кеше, түнде және бүгiн шұғылданудамыз. Тағы бiр метрдей көтеруiмiз керек", -дедi Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданныӊ Рузаевка ауылындағы жағдайды да айтып өттi. Онда 12 тұрғын үй зардап шектi. Өткен демалыс күнi онда сенбiлiк ұйымдастырылды.

"Рузаевка ауылындағы сенбiлiкке қоғамдық ұйымдардан, жастардан және қайғылы жағдайға бейтарап қарай алмайтын жандардан 400-дей адам қатысты. Бiр азамат ауруханада екен, оған барып халiн сұрадық. Ирине, жүрегi ауырғандықтан. Оған қажеттi ем-дом қолданылыпты. Тұрғын үйлердi облыстық бюджет пен қайырымдылық қаражаты есебiнен орнына келтiремiз. Мысалы, техника бюджеттен тыс қаражат есебiнен, яғни демеушiлердiӊ көмегiмен қалпына келтiрiледi", -дедi облыс әкiмi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны