09.08.2017, 19:29 4407

СҚО әкiмi "Нұр Отан" партиясы филиалы саяси кеӊесi бюросыныӊ отырысын өткiздi

Петропавлда өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен "Нұр Отан" партиясы Солтүстiка Қазақстан облыстық филиалы саяси кеӊесi бюросыныӊ отырысы өттi.

Петропавловск. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Петропавлда өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен "Нұр Отан" партиясы Солтүстiка Қазақстан облыстық филиалы саяси кеӊесi бюросыныӊ отырысы өттi.

Отырыс барысында Бiлiм берудi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын, Мамлют және Қызылжар аудандарыныӊ жобаларын жүзеге асыру, партияныӊ "Қазақстан-2021. Бiрлiк.Тұрақтылық.Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасыныӊ бағыттары бойынша партия кураторлары жұмысыныӊ қорытындысы мәселелерi қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша "Бiлiм" бағыты бойынша комиссияныӊ басшысы, облыстық мәслихаттыӊ депутаты Ғафура Бөстекова және СҚО бiлiм басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Кәрiмова сөз сөйледi.

"Өӊiрде 3 ауысымда оқыту мәселесi толығымен шешiлдi және апатты мектептер жоқ. Педагогтардыӊ сапалық құрамы көрсеткiшке сәйкес келедi. Педагог қызметкерлер жасарып келедi, педагог мамандарыныӊ түлектерi "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа келуде. Алайда, 1 тамыздағы сараптама бойынша 253 педагог мамандардыӊ бос орны бар. Еӊ көп санды мынандай мамандықтар иеленедi: математика мұғалiмi - 47 адам, ағылшын тiлi - 39 адам, орыс тiлi - 35 адам", - дедi Ғафура Сабырқызы.

"Сiздер осы салаға жауап беретiн бiлiм беру жұмысына сраптама жасауға тиiссiздер. Орындады ма немесе орындамады ма? Орындамаса, соны айту керек, орындаса, жақсы деуге тиiспiз. Қоғамдық ұйымныӊ көзқарасымен, ата-аналардыӊ пiкiрi тарапынан 100% шынайылықпен сараптама жасау керек. Тiлегiмiздi нақты iстей көрсетпеуге тиiспiз", - дедi баяндамашыға Құмар Ақсақалов.

"Бiздiӊ өӊiрдiӊ өзiне тән ерекшелiгi - шағынжиынтықты мектептер, оқу орындарында оқушылар саны аз. Аудандарда үшқабатты оқу мекемелерiнiӊ жартылай бос екенiн көрiп отырмыз. Сыныптардыӊ толықтырылуы толық емес. Осы жағдай көптеген аудандарымызға тән", - дедi Ғафура Бөстекова.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аудандардағы оқу орындары шағынжиынтықтығына қарамастан, балаларға лайықты және сапалы бiлiм беру керектiгiн атап айтты.

"Оларда балалар бар, 6-8 бала бар, олар сапалы бiлiм алу үшiн оқыту керек. Ол қалай шешiлiп жатқандығын, сiз бiзге сараптап берiӊiз. Аудандарға мен де бардым, басқа өӊiрлерде де болдым, әртүрлi жағдайларды көрiп жүрмiн. Кейбiреулерi осындай санмен-ақ ҰБТ-да және аралық емтихандарда жоғары нәтижелер көрсетiп жүр. Сондықтан сiз маман, куратор ретiнде қалыптасқан жағдайға сараптама жасап берiӊiз. Осындай жағдай бiзде ғана емес, басқа өӊiрлерде де бар", - Құмар Ақсақалов.

Одан әрi СҚО бiлiм басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Кәрiмова баяндады.

"2016-2017 оқу жылында жаӊартылған бағдарлама бойынша 1 сыныпты 8404 бала аяқтады.1 қыркүйектен бастап жаӊартылған бағдарлама бойынша 30058 бала оқиды. "Жақсы" және "өте жақсы" үлгерiмдегi оқушылар деӊгейi жоспарда 62 болса, iс жүзiнде 63,4 пайызбен осы көрсеткiш орындалуда. Бiлiм беру жүйесiнде 15846 педагог қызметкерлер жұмыс iстейдi, олардыӊ 53%-ы жоғары, бiрiншi санаттағылар. Жалпы педагогтар санындағы жас педагогтардыӊ үлесi 3,8%-ды құрайды. Биыл облыс мектептерiне "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 350 жас маман келдi", - дедi Гүлмира Кәрiмова.

"Сiз слайд арқалы жоғары, бiрiншi санат иеленетiн мұғалiмдер саныныӊ жоғары көрсеткiшiн көрсеттiӊiз. Одан кейiн жақсы нәтиже көрсеткен балалардыӊ жоғары үлесiн айттыӊыз. Осылай үзiп көрсеткенде, жақсы жағдай қалыптасқандай әсер етедi. Бiрақ бiлiм деӊгейiне сипаттама беретiән бiр көрсеткiш бар. Мысалы, ҰБТ-дағы төменгi көрсеткiш. Бiзден Атырау облысы ғана төмен тұр. Үлкен командамен 2 апта бойы барлық аудандарды араладық. Сол кезде әлеуметтiк сала нысандарына - мемктептерге, медицина мекемелерiне, мәдениет орындарына, спортқа, стадиондарға назар аудардық. Сонда әртүрлi картиналарды - инвесторлардыӊ келiп, ештеӊе iстемейтiндiгiн, барлық жер үлестерiн алып, банкке салып, технологиямен айналыспай, жұмысшыларға еӊбекақы төлемейтiндiгiн көрдiк. Осындай фактiлер де бар. Сондықтан адамдар бiзден көмек сұрайды. Сондықтан бiз бiр-бiрiмен байланысты кәсiпкерлер, инвесторлар қалай жұмыс iстейтiндiгiн және қанша жұмыс орнын ашатындығын, адамдар тағдырына қалай жауапкершiлiкпен қарайтынын бақылауға тиiспiз. Барлық партия ұйымдары жұмыс iстеп, тәртiпке келтiруге тиiс деп ойлаймын. Кәсiпкерлер өз елiне, ауылға, өз ауданына көмектесуге тиiс. Аудандардағы әрiптестер де осы жұмысқа қосылуға тиiс деп есептеймiн", - дедi облыс әкiмi.

Екiншi мәселе бойынша Мамлют ауданыныӊ әкiмi Ерболат Бекшенов пен Қызылжар аудандық "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бiрiншi орынбасары Данияр Ибутәлiп сөйледi.

Үстiмiздегi жылӊы 1 қаӊтардан бастап Қазақстан Республикасында "Бала қабылдайтын отбасы" жаӊа бағдарламасы енгiзiлдi. Оларға 4-тен 10 балаға дейiн берiлуi мүмкiн. 2017 жылдыӊ ақпан айында аталмыш бағдарламаға облыста бiрiншi болып Мамлют ауданыныӊ Искра ауылында тұратын Кустовтар мен Марочкиндер отбасы балалар үйiнен қамқорлыққа 8 жетiм бала алып, үн қосты. Аталмыш отбасылар бақылауға алынған, жәрдемақы дер кезiнде берiледi", - дедi Ерболат Бекшенов.

"Мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн " кедергiсiз аймақ" құру бағдарламасы бойынша" ауданда 135 нысан төлқұжаттандырылған. 2016 жылы 56 нысанды бейiмдеу қажет болса, соныӊ 20-сы бейiмдiлдi, 36-сы iшiнара бейiмделдi. 2017 жылға 37 нысанды бейiмдеу жоспарланған соныӊ 9-ы бейiмделдi, 28-i iшiнара бейiмделдi", - дедi Данияр Ибутәлiп.

Баяндамаларды тыӊдай келе, өӊiр басшысы өткiзiлген шаралардыӊ статистикасы емес, нәтижесi көрiнуi керектiгiн атап айтты.

"Сiздердiӊ қызметтерiӊiзден нақты және түсiнiктi нәтиже көрiнуi керек. Сiздер шара өткiзсеӊiздер жастар арасында жағдайдыӊ жақсарғаны туралы индикатор болуы керек. Осыны iстедiк, көӊiл-күйдi жақсарттық деп дәлелдеӊiздершi. Бiздi өткiзген шаралар қызықтырмайды, бiзге сапа қажет. Бiзде барлығына, ненi шешкенiмiзне бақылау болуы керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Партияныӊ "Қазақстан-2021. Бiрлiк.Тұрақтылық.Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасыныӊ бағыттары бойынша партия кураторлары жұмысыныӊ қорытындысы туралы СҚОФ төрағасыныӊ бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов айтып бердi. Ол партия кураторларыныӊ 2016 жылғы және 2017 жылдыӊ 6 айыныӊ қорытындысы туралы байндады.

Мысалы, "Тұрғындардыӊ әлеуметтiк-әлжуаз топтарын жұмыспен қолдау" комиссиясы 5 отырыс өткiзiп 19 ұсыныс әзiрлеп, барлығын да орындаған. 2017 жылы 3 отырыс өткiзiп, 4 ұсыныс дайындаған, әзiршi олар орындалған жоқ. "Жоғары технологияларды дамыту" комиссиясы 2016 жылы 2 отырыс өткiзiп, әзiрлеген 7 ұсынысты толығымен орындаған. 2017 жылы 3 отырыс өткiзiп, 6 ұсыныс әзiрлеген, олардыӊ барлығы да орындалған", - дедi Артур Молдағұлов.

Сол сияқты Артур Молдағұлов партия кураторларыныӊ жұмысы БАҚ-тар мен әлеуметтiк желiлерде көрсетiлмейтiндiгiн, азаматтарды тақырыптық қабылдау өткiзiлмейтiндiгiн, сол сияқты ұсыныстар формальды мазмұнда екендiгiн тiлге тиек еттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны