02.08.2017, 19:28 4402

СҚО әкiмi облыс орталығыныӊ қалай жаӊғырып жатқандығымен танысты

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, жолдардыӊ жөнделуiмен және аула аумақтарына асфальт төсеумен, сол сияқты Қалалық демалыс және мәдениет саябағыныӊ қайта жаӊғыру барысымен танысты.

Петропавловск. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, жолдардыӊ жөнделуiмен және аула аумақтарына асфальт төсеумен, сол сияқты Қалалық демалыс және мәдениет саябағыныӊ қайта жаӊғыру барысымен танысты.

Бiрiншi кезекте, өӊiр басшысы жол өткелiн жаӊғырту процесiн қарады. Онда жұмыс "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жүргiзiлуде. Атқарылып жатқан шаралар туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ филиалыныӊ директоры Болатбек Айтбаев айтып бердi.

"Жобаныӊ жалпы құны 1 млрд. 258 млн. теӊге. Бүгiнгi күнге дейiн оныӊ 275 млн. теӊгесi игерiлдi, яғни жылдық жоспардыӊ 27%-ы. Биыл сомасы 900 млн. теӊгенi игеру жоспарланған. Осы жол өткелi бойынша төменгi жұмыстардыӊ барлығы аяқталып келедi. Содан кейiн жол өткелiнiӊ тiрек бөлiктерi мен жабылғы құрылғылары құрастырылады", - дедi Болатбек Айтбаев.

Жол өткелiнiӊ бiр бөлiгiн алдын ала бекiтiдген жоспар бойынша биыл қазан айында аяқтау жоспарлануда. Облыс әкiмiнiӊ тiлегi мен құрылыс мерзiмiне қойылатын талапқа қарай жұмысты қыркүйек айыныӊ соӊында аяқтау белгiленуде. Екiншi бөлiгi бойынша жұмыс қатар жүргiзiдедi. Оны 2018 жылдыӊ қараша айында аяқтау жоспарланған.

"Көпiрдi жөндейтiн уақыт та келдi. Тамыз айыныӊ ортасында қауiпсiздiк үшiн бiр жарым айға қозғалысты жаба тұру керек болады", - дедi облыс әкiмi.

Осы жерде "Спутник-1" саяжай қоғамыныӊ иелерi облыс әкiмiне өз өтiнiштерiн айтты. Олардыӊ сөзiне қарағанда, онда су қоймасы бар, су аққан кезде саяжайларға қарай ағады. Қалалық әкiмдiк су ағызуды ұйымдастырған. Бақшашылар осы мәселенi шешудi сұрайды.

"Бiз тазарту қондырғыларын қойдық. Мен бiрнеше рет болдым. "КамАЗ" дүкенi ауданы төменде орналасқандықтан, су соған қарай ағады. Дүкен директорымен кездестiк. Қазiр суағарға жабалық-сметалық құжаттар әзiрлемекпiз. Басқа жолмен оны шеше алмаймыз. Онда су ағызу жүргiзiлiп жатыр, уақытша құбыр қойып, суды сорудамыз. Ол проблеманы жартылай ғана шешедi. Сондықтан жабалық-сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда", - дедi қала әкiмi Марат Тасмағанбетов.

"Есептеймiз, қымбат бола қояды деп санамаймын.. Бұл мәселенi шешемiз", - дедi облыс әкiмi.

Осы жерде облыс әкiмiне айналма жолдан әуежай бұрылысына дейiнгi учаскенiӊ декоративтiк безендiрiлу үлгiсiн көрсеттi.

"Безендiрiлудiӊ қажеттi элементтерi көрсетiлген схема жасадық. Айналма жолға қоршау орнатып, қазу жолымен "Керуен" жасау ұсынылады. Түсе берiсте Пестрое көлiн көркейту қарастырылады. Ол декоративтiк және экологиялық жоспарда ерекше рөл атқарады. Бiз жағажайды оӊға қарай бос жерге көшiрудi ұсынудамыз. Соған орай кешеннiӊ құтқару станциясын құру үшiн жер телiмiн бөлемiз. Кiреберiске iрi әрiптермен "Петропавл" сөзiн жазу ұсынылады. Иуежайдан шыққаннан кейiн велосипедшiлер тобы композициясы мен жануарлакр мүсiнiн орнату қарастырылуда", - дедi "Архстрой" ЖШС-нiӊ бас инженерi Василий Стихин.

Безендiру тұжырымдамасымен таныса келiп, өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов барлық мәселенi қала құрылысы кеӊесiнде қарауды ұсынды.

"Қаланы безендiру бойынша барлық мәселелердi қала құрылысы кеӊесiнде қараймыз. Жас сәулеткерлер мен дизайнерлердi шақыру керек. Барлық идеяларды тыӊдап, шешiм қабылдаған жөн. Қайта жаӊғыру болғанын қолдаймыз. Қаланыӊ заманауилығы мен стилi сәйукч болуға тиiс", - дедi өӊiр басшысы.

Одан кейiн өӊiр басшысы "Жас өркен" шағынауданын қайта құру барысымен танысты.

Облыс орталығыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов тұрғын үй кварталдарыныӊ құрылысы туралы айтып бердi.

"Қазiр үшiншi квартал бойынша жұмыс жүрiп жатыр. Тапсырыс берушi - қала құрылысы бөлiмi. Конкурстық процедуралар өттi. "Основание" ЖШС 32 қабатты тұрғын үй кешенiнiӊ құрылысын салады. Жалпы аумағы - 248 мыӊ шаршы метр. Оныӊ 133-i - бiр бөлмелi, 83-i - екi бөлмелi, 116-сы - үш бөлмелi. Бұл үй өте қолайлы орында тұр деп ойлаймын. Онда шағын орталықтар орналасатын болады, бұл үй 100 пайыз "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ арқылы өтуге тиiс деп есептеймiн", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Жұмыс сапары барысында Құмар Ақсақалов С.Мүқанов көшесiндегi жолға орташа жөндеу жүргiзiлу барысымен танысты.

Жергiлiктi бюджеттен аталмыш нысанға 72 млн. теӊге бөлiнiптi. Жұмыс Горький көшесiнен Пушкин көшесiне дейiн жүргiзiлуде.

Облыс әкiмi биыл автомобиль жолдарын қалпына кеотiруге 2 есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.

"Биыл 40 шақырымдай жолды қалпына келтiремiз. Елiмiз бен облысымыздыӊ экономикасы өсуде. Ол көптен берi шешiлмеген мәселелердi шешуге және қаржыландыруға мүмкiндiк бередi, Ол жол мен көркейтуге де қатысты. Автомобиль жолдарын қалпына келтiруге 2 есе көп қаржы бөлiндi. Бұл ұрдiс жылдан жылға өсе бередi, себебi экономика оған мүмкiндiк берiп отыр", - дедi облыс әкiмi.

Содан кейiн облыс әкiмi асфальт төселген, сол сияқты балалар алаӊы жасалған Абай, 53 көшесiндегi ауланыӊ қалпына келтiрiлуiмен танысты.

"Бұл жер шамамен 800 шаршы метр., балалар алаӊын орнаттық. Ол өзiмiздiӊ Петропавлда жасалады. Ол аулалық аумаққа бейiмделген және кепiлдi қызмет көрсетедi", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Балалар алаӊыныӊ сапасын жергiлiктi тұрғындар жа оӊ бағалауда.

"Еӊ негiзгiсi олар жақсы материалдардан жасалған, оныӊ құрылғысы қайтадан сырлауды қажет етпейдi. 2-ден 12 жасқа дейiнгi балалардыӊ ойнауы үшiн жағдай жасалды. Алаӊныӊ шет жағывна баскетбол алаӊын жасауды жоспарлаудамыз", - дедi ПИК төрайымы Ирина Яуфман.

Аула тұрғындарымен әӊгiмелесу барысында өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов үстiмiздегi жылы 100 аула жөнделетiндiгiн алға тартты.

"Биыл 100 ауланы қалпына келтiрiп, ПИК-ке беремiз. Оны тұрғындармен бiрге осындай жақсы жағдайда ұстау керек. Аулаларды аралай жүрiп, оларға гүл егiлгенiн байқаудамын. Өз ауласына осылай қарау керек. Барлық мерекелер осындай аулада өткiзiлуi керек. Биыл жекелеген аулаларда өткiздiк", - дедi өӊiр басшысы.

Бұдан басқа, облыс әкiмi Абай 84 және 86 көшелерiндегi асфальттардыӊ сапасына назар аударды.

Одан кейiн облыс әкiмi Егемен Қазақстан, Интернационал - Букетов көшелерiндегi жолдардыӊ жөнделу барысын қарады. Онда жолдар мен өткелдер жасалып, шлагьаум қойылған, сол сияқты балалар алаӊы қоршалған.

Жұмыс сапары соӊында Демалыс және мәдениет саябағыныӊ қайта жасақталу барысын байқады.

"Бiздiӊ бақ 3 аймаққа бөлiнген. Ол аттракциондар, белсендi демалыс және тыныш демалыс аймақтары. Тыныш демалыс аймағында ұзындығы 2500 метрлiк веложол салу қарастырылуда, Белсендi демалыс аймағында балалардыӊ ойын кешендерi мен көгалдандыру орналастырылады. Абай мен Пушкин ескерткiшi мағындағы орталық үстынды ауыстыру қарастырылған.Бұрынғы үстын Жеӊiс бағына орнатылады. Үстынныӊ орташа ұзындығы 12 метр. Оны түрлi-түстi жарықтандыру жайы ойластырылуда. Сахна кеӊ болады. Ол теӊ дәрежеде мәрмәр тастармен өрнектелдi. Оныӊ аумағы кеӊ. Тiрi қоршаудыӊ өзi 3 шақырымдай. Жай күндерi стационарлық жарықтандыру болады. Мереке күндерi түрлi-түстi жарықтандыру", - дедi "СК-РАЙВ" ЖШС-нiӊ жобалық ұйымыныӊ жетекшiсi Денис Бредников.

Облыс әкiмi Қазақстан Конституциясы көшесiне орнатылатын үстын жайлы өз түсiнiгiн ұсынды.

"Онда барлық шаралар өткiзiлетiн ауқымды кеӊ сахна болуы керек. Өйткенi алаӊ көп адамды жинауға мүмкiндiк бередi. Сахна темiрден болмай, кез келген шараны, театрландырылығын, концерт өткiзетiндей болуы тиiс. Мына темiр құрылғыларды орнатудыӊ қажетi жоқ. Оны кеӊ, биiк етiӊдер", - дедi Құмар Ақсақалов.

Демалыс және мәдениет саябағын аралай келiп, өӊiр басшысы демалатындарға қолайлы жағдай жасау барлық күштi жұмылдыру қажеттiгiн атап айтты.

"Бiз 15-20 метрдей жүрдiк. Анда жоғарғы жақ жабық, ол оныӊ ерекшелiгi және әсемдiгi. Аймақта тыныштық орнаған. Сондықтан онда ағаштарды көп кесудiӊ қажетi жоқ. Мұнда кешке жүру қауiпсiз емес. Бiздiӊ мiндетiмiз - адамдар үшiн бұл жердi сүйiктi орынға айналдыру. Онда сәйкес жарық болады. Жаз айыныӊ соӊында басқа саябақ болады деп сенемiз. Ағаштарды барынша қалдыруға тырысу керек", - дедi өӊiр басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны