18.04.2017, 20:22 4632

СҚО әкiмi Петропавлды көгалдандыру мен абаттандырудыӊ жаӊа тұжырымдамасын қабылдады

Петропавлды көгалдандыру мен абаттандырудыӊ жаӊа тұжырымдамасымен қала әкiмi Марат Тасмағанбетов таныстырды. Облыс әкiмiнiӊ тапсырмасы бойынша ағаштар отырғызу жоспарына түзету енгiзiлiптi. Үстiмiздегi жылы ұзындығы 70 шақырымға 17500 түп көшет отырғызу жоспарланған.

Петропавловск. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлды көгалдандыру мен абаттандыру мәселесi бойынша кеӊес өткiздi. Кездесудi ашқан өӊiр басшысы елдi мекендердiӊ тазалығы мен тәртiбi жергiлiктi атқарушы органдардыӊ ерекше бақылауында болуы керектiгiн атап айтты.

"Сенбiлiктер басталды. Оныӊ алғашқысы кешегi демалыс күндерi өттi, келесiсi - 22 мен 29 күндерi. Сенбiлiктер осы күндермен шектелiп қалмауы керектiгi түсiнiктi. Бұл сенбiлiктер - еӊбек ұжымдары мен азаматтардыӊ бастамасы, сондықтан онымен айналысуға болатын уақыттардыӊ барлығында тұрақты түрде өтiп тұруға тиiс", - дедi Құмар Ақсақалов.

Петропавлды көгалдандыру мен абаттандырудыӊ жаӊа тұжырымдамасымен қала әкiмi Марат Тасмағанбетов таныстырды. Облыс әкiмiнiӊ тапсырмасы бойынша ағаштар отырғызу жоспарына түзету енгiзiлiптi. Үстiмiздегi жылы ұзындығы 70 шақырымға 17500 түп көшет отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызатын негiзгi магистральдi көшелер анықталған, олар - Ж. Қизатов, Ш. Уәлиханов, Ухабов, К. Сүтiшев, Абай, Қ. Сәтбаев, Жамбыл, Набережный, Интернационал, Рига, М. Жұмабаев, Егемен Қазақстан, Партизан, Я. Гашек, Парк және М. Иуезов көшелерi.

"Қаланыӊ барлық көшелерi қамтылатын болады. Сол сияқты "Береке" шағынауданында қосымша әртүрлi 1000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 17500 түп көлемiнде егетiн материалдар қазып алдынды. Олардыӊ 7500-i - қарағай, 2000-ы - терек, 2000-ы - алма ағашы, 2000-ы - шетен, 2000-ы - жөке, 3000-ы - қайыӊ. 15 сәуiр - сенбi күнi 2000 көшет отырғызылды. Одан басқа бiлiм беру мекемелерi 1200, ПИК төрағалары мен жол құрылысы ұйымдары 600 түп көшет ектi 6 бригада жұмыс iстеуде, 2-уi - ескi ағаштарды отап, отырғызатын жаӊа орындар әзiрлеуде, 4 бригада ағаш егуге жұмылдырылған", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Өӊiр басшысы оталатындардыӊ iшiнде сау ағаштар болмауын мұқият тексеру қажеттiгiн атап айтты.

Өткен жылы Петропавл қаласына 300 қарағай отырғызылғанын атап айтқан жөн. Биыл облыс әкiмiнiӊ тапсырмасы бойынша 7500 көшет жоспарланса, оныӊ 200-i отырғызылды. Бұдан басқа, көгалдандыру аясында жанды қоршау сияқты сегмент жасалады

"Бүгiн қаладағы жанды қоршаудыӊ ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Негiзiнен олар алма ағашы мен оныӊ жабайы түрлерiнен жасалады. Бүгiнгi күнi жанды қоршау егу жоспарлануда. Оған ұсақ жұмсақ жапырақты өскiндер пайдаланылады. Барлығы 25 шақырымға 2 қатармен жанды қоршау жасау жоспарлануда, оныӊ бiр шаршы метрiне шамамен 7 түп отырғызылады", - дедi қала әкiмi.

"Егер жыл сайын осынша ағаш егетiн болсақ, Петропавл жасыл қалаға айналады. Өсiмдiк - қаланыӊ өкпесi. Оныӊ үстiне бiздiӊ аймақта өсетiн ағаштарға онша көп күтiм керегi жоқ, өйткенi ылғал жеткiлiктi", - дедi өӊiр басшысы

16 мыӊ шаршы метр аумақта гүлзар жасау үшiн жеке жұмыс жүргiзiледi. Биыл егiлетiн аумақ 4 мыӊ шаршы метрге көбейiп отыр. Бозқырау түспесе, гүлдер 9 мамырға қарай егiледi.

Ақпаратты тыӊдай келе, Құмар Ақсақалов бұрын ұсынылғаннан ерекшеленетiн тұжырымдаманы қабылдады.

"Негiзгi көшелер қамтылған, саны да ұлғайған. Олардыӊ бағасын бiраз азайттық. Өткен жолы қымбат болған. Алайда бiздiӊ кәсiпкерлер өздерiне шығын болмайтындай келiсiмге келдi. Соған орай тиiмдiлiк те жоғары болуға тиiс. Осыныӊ барлығы қала, қоғам және бiздiӊ өӊiр үшiн жасалуда. Тек "Коммунхоз" есебiнен ғана болмағаны да маӊызды. Сенбiлiкке, аумақты тазалауға барлық азаматтар қатысуы керек. Бiз өзiмiз де қатысамыз", - дедi Құмар Iргебайұлы

1 мамырға қарай ПИК-тер үйлер мен аула аумақтарын абаттандыру қажеттiгiн еске салды.

"Үйлерiн, аулаларын өздерi өз қолдарымен, ПИК тұрғындары есебiнен жөндеуi керек. Мемлекет есебiнен емес. Бiз жиектастармен, басқа да кейбiр материалдармен көмек көрсетемiз. Оларды өздерi орнатуы керек деп ойлаймын. Өз қолдарымен жасаған дүние әрдайым жақсы болады және ұзақ сақталады. Наурыз бен 1 мамыр мерекесiн аулаларда қарсы алуды жақсы дәстүрге айналдырайық. Оӊай емес екенiн түсiнемiн, бiрақ қажет. Адамдарды осылай бiрiктiрейiк Оларды мереке мен бiр жерде бiрге тұру бiрiктiрмегенде, не бiрiктiредi? Соларды ұйымдастыруға көмектесейiк", - дедi Құмар Ақсақалов.

Кеӊес барысында Петропавлдыӊ басты Қазақстанныӊ Конституциясы көшесiн қайта құру бойынша ақпарат тыӊдалды. Биыл Пушкиннен М. Жұмабаев көшесiне, М. Жұмабаевтан Мир көшесiне, Парктен М. Иуезов көшесiне, М. Иуезов көшесiнен Тәуелсiздiк стелласына дейiнгi және қалалық әкiмдiк алаӊындағы өрнектас жабылғыларын ауыстыру қажет етiледi. Аталмыш учаскедегi 24 мыӊ шаршы метр аумақтыӊ өрнектасы ауыстырылады

"32 орындық пен 32 урнаны ауыстыру қарастырылған. Ол Петропавл қаласындағы "Стронг сервис" ЖШС кәсiпорнында жасалады. Бұдан басқа лотос үлгiсiндегi 30 шырақшам жаӊа энергия үнемдеу шамдарымен ауыстырылады. Аталмыш жұмысты "Апат қызметi" ӨК атқарады. Сонымен бiрге өсiп тұрғанына 40 жыл болған кәрi терек, үйеӊкi ағаштары жұлып алынады", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Бұдан басқа, облыс әкiмiнiӊ тапсырмасы бойынша абаттандыруға өрнектас, орындық, урна жасайтын жергiлiктi кәсiпорындар жұмылдырылады. Олардыӊ бағасы арзан болады.

"Қажеттi қаржы бар. Олардыӊ негiзгi бөлiгiн бұқарамен, өз күшiмiзбен жасауымыз керек. Қайта жаӊғыртудан кейiн өрнектастар ауыстырылып, көгалдандыру жүргiзiледi. Темiрден жасалған ескi орындықтарды сырлау керек. Қазiр олар қаланыӊ сәнiн бұзып тұр. Бұрынғы сырларын металға дейiн қырып алып, содан кейiн ғана сырлау технолгиясын қолдану керек. Ол мүлдем арзанға түседi және жаӊаша сипат алады", - деп, тапсырма бердi өӊiр басшысы.

Кеӊес соӊында облыс әкiмi өткен жылы ауыстырылған өрнектастардыӊ кейбiрi жарамсыз болып қалғанына назар аударып, атқарылған жұмыстыӊ сапасын қатаӊ бақылауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны