05.04.2017, 12:41 4793

СҚО әкiмi жекешелендiрудiӊ ашықтығын қамтамасыз етудi және егiс науқанын ойдағыдай өткiзудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов коммуналдық меншiктi жекешелендiру және өӊiрде көктемгi-дала жұмыстарын өткiзуге әзiрлiк мәселелерiн талқылауға арналған отырыс өткiздi.

Петропавловск. 5 сәуір. Kazakhstan Today - СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жекешелендiрудiӊ ашықтығын қамтамасыз етудi және егiс науқанын ойдағыдай өткiзудi тапсырды.

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов коммуналдық меншiктi жекешелендiру және өӊiрде көктемгi-дала жұмыстарын өткiзуге әзiрлiк мәселелерiн талқылауға арналған отырыс өткiздi.

Бiрiншi мәселе бойынша Қаржы басқармасыныӊ басшысы Ескен Икiмжанов баяндады.

"2014 жылдан 2016 жылға дейiн сомасы 48,68 млн. теӊгеге 8 кәсiпорын сатылды. Олар Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзiлдi. Екi кәсiпорын кейiн үлесiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттiӊ 100 пайыз үлесiмен ЖШС болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдасты, 6 кәсiпорын бойынша аудан әкiмдерiнiӊ қаулысымен жою туралы шешiм қабылданды, "Тайынша" КМК және "Тайынша Жылу" КМК сияқты 2 кәсiпорын бойынша аудан әкiмiнiӊ қаулысымен ауданныӊ "ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" МК-ге қосу туралы шешiм қабылданды. Кәсiпорын мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнен шығарылды", - дедi Еркiн Мырзахметұлы

Оныӊ ақпараты бойынша, "Қамқор" КМК және "Ақ бұлақ" КМК сяқты 2 кәсiпорын бойынша жалғыз "Қамқор Есiл" КМК-ге қосылу жолымен кәсiпорынды қайта ұйымдастыру туралы аудан әкiмiнiӊ қаулысы қабылданды, ол 100 пайыздық мемлекет үлесiмен "Қамқор Есiл" ЖШС болып қайта ұйымдасты. Сол сияқты кәсiпорын Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнен шығарылды.

Баяндаманы тыӊдай келе, өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов нысандарды жекешелендiру есебiнен облыс бюджетiнiӊ шығыны қаншаға қысқаратынына қызығушылық бiлдiрдi.

"Егер 2015 жылы 224 кәсiпорынныӊ кiрiсi 35 млрд. 673 млн. теӊгенi құраса, оныӊ iшiнде мемлекеттiк тапсырыс 32 млрд. 84 млн. теӊге болды немесе барлық санныӊ 89,9 пайызы. Өзiндiк кiрiс 3 млрд. 588 млн. теӊгенi құрады. 2016 жылы аталмыш көрсеткiш 41 миллиард 102 миллион тенге, мемлекеттiк тапсырыс 37 миллиард 72 миллион тенге немесе 90% болды. Өзiндiк кiрiс - 4 миллиард немесе өсiм 9,8%. Яғни сараптама мемлекеттiк тапсырыс өсiп келе жатқанын көрсетедi. Ал кәсiпорынныӊ өзiндiк кiрiстерiнiӊ үлесi өспейдi. Басқа ақылы қызметтер көрсету жолымен өзiндiк кiрiстер табуға тиiс кәсiпорын кiрiстер өсiмiн қамтамасыз етпейдi. Олар мемлекеттiк тапсырыстар есебiнен өмiр сүредi", - деп түсiндiрдi Қаржы басқармасыныӊ басшысы.

Өӊiр басшысы жекешелендiрудiӊ басты мақсаты - мемлекеттiк шығындарды азайту екендiгiн атап айтты..

"Бiз бүгiн жекешелендiру жүргiзе отырып, мемлекеттiӊ шығындарын азайтуға қол жеткiзуiмiз керек. Бұдан басқа, ашықтығын қамтамасыз етуiмiз қажет. Жекешелендiру ашық режiмде өтуi тиiс", - дедi облыс әкiмi.

Одан әрi отырыс барысында 2017 жылдыӊ себу науқанына әзiрлiк бойынша мәселе қаралды. Осы тақырып бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Омаров баяндама жасады.

"Үстiмiздегi жылы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы дақылдары облыс бойынша 4377,5 мыӊ гектар алқапқа себiледi, оныӊ 3117,8 мыӊ гектары - дәндi және дәндiбұршақты, 712,2 мыӊ гектары - майлы дақылдар, ол 2016 жылғыдан 200,1 мыӊ гектарға көп, жемазықтық дақылдар 513,7 мыӊ гектар алқапқа егiледi. Сонымен бiрге дәндi және дәндiбұршақты дақылдардан жоғары рентабельдi жасымық алқабы өткен жылға қарағанда 35,3 мыӊ гектарға, бұршақ 4,5 мыӊ гектарға ұлғайтылады",- дедi басқарма басшысы.

Бұдан басқа, картоп пен көкөнiс алқабы сәйкес түрде 27,5 мыӊ және 5,3 мыӊ гектарды, ал қант қызылшасы өткен жылға қарағанда 0,6 мыӊ гектар өсiммен 1 мыӊ гектарды құрайды.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов себiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарыныӊ сапасы мен технологияларын сақтауға назар аударды.

"Бүгiнгi күнi барлық үрдiстердi тиiмдi басқаратын кәсiпорындар бiзде көп. Ирбiр ауданда сырттан келген помещиктерге қарағанда, өз жерiнiӊ қожасы болып табылатын кәсiпорындар баршылық. Қазақстанныӊ әрбiр өӊiрiнде, өте тапшы жерлердiӊ өзiнен жақсы астық алады және өндiрiстен пайда табады. Тек барлық үрдiстi басқара бiлу керек. Заӊ аясында жұмыс iстеуге мәжбүрлеу қажет. Тұқымды тексеруге мәжбүрлеу керек",- деп атап көрсеттi облыс әкiмi.

Құмар Ақсақалов өзiмiз шығаратын элиталық тұқымдардыӊ өндiрiсiн артыру басты назарда болуға тиiс екендiгiн алға тартты.

"Бiздiӊ қажеттiлiгiмiз өте үлкен, кемiнде 2-3 есе көп элита. Бiз оларды басқа жерлерден әкелiп, ақшаны басқа өӊiрлерге беремiз. Бiздiӊ ғылымымыз қайда? Өзiмiзге қанша қажет болса, сонша неге шығармаймыз? Бiз бәрiн 100 пайыз қамтамасыз ете алмайтындығымызды мен түсiнемiн. Алайда барынша өзiмiздiӊ элиталық тұқымымызбен қамтамасыз етiлуге ұмтылуымыз керек. Ғылым өндiрiсте жұмыс iстеуi қажет. Егер ғылым қамтамасыз ете алмаса, сәйкес түрде олардан сұралуы керек. Биыл мемлекет желiсi бойынша 2 демеуқаржы элитаны демеуқаржыландыруға берiледi. Бұл сұрып алмастыру бойынша жақсы жұмыс iстеу керек дегендi бiлдiредi", - дедi облыс әкiмi.

Өӊiр басшысы аудандардыӊ әкiмдерiне егiс алқаптарыныӊ құрылымын қалыптастыру және әрбiр ауылдық округте, кәсiпорында жердi барынша тиiмдi пайдалану бойынша жұмыс жүргiзуге тапсырма бердi. Облыс әкiмi қорытынды жасай келiп, тұтастай алғанда өӊiрдiӊ көктемгi-дала жұмыстарын өткiзуге әзiр екендiгiн тiлге тиек еттi.

"Қажеттiнiӊ барлығы бар, ылғал қоры да жақсы. Оны тиiмдi пайдалану керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны