05.02.2008, 17:03 3413

СҚО бройлерлік фабрикасы қалпына келтіріледі

СҚО бройлерлік фабрикасы қалпына келтіріледі


Астана. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақтсанда Петропавл қаласының маңында жұмыс істеген бройлерлік фабрика қалпына келтіріледі. Бұл туралы СҚО әкімі Серік Біләлов пен Израильдің MAD Corporation фирмасының президенті Ави Паюрскимен өткен кездесу кезінде келісілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кездесу кезінде А. Паюрский бұрынғы кәсіпорын ғимаратын қалпына келтіруге болады дегенді алға тартты. Фирма басшысы атап өткеніндей, фабрикада жаңа технологияларды пайдаланылып, құс етін еуропалық стандарттарға сай өңдейтін жүйенің ұйымдастырылуы мүмкін.

Израиль өкілдерінің айтуынша, ескі кешенді қайта жөндеп, оның құрамындағы құстарды ұстау, дайындау, жем беру цехтарын қалпрына келтіру үшін 25-30 гектар жер керек. Сонымен қатар, фабриканы су және жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек.

Облыс әкімі жобаны қолға алатын фирмаға көмек көрсетіп, тиісті құжаттарды дайындау жөнінде тапсырма берді. Қалпына келтірілген фабрика үстіміздегі жылдың қазан айында жұмыс істейтін болады.

Кездесуде айтылғанындай, бұдан бұрын бройлерлік құс фабрикасында, тауықтардың саны 1 млн- ға жетіп, онда мыңға жуық адам жұмыс істеген. Өнім Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізіліп қана қоймай, шет елге де жөнелтілетін.

Израиль компаниясы 30 жылдан астам уақыт бойы құс етін шығару және қайта өңдеу саласында жұмыс істеп келеді. Соңғы 15 жылда компания ТМД елдерінде қарам -қатынастарды орнатып, Ресейдің Уфа, Воронеж, Курган, Ростав на Дону қалаларында құс фабрикасының құрылысын салу жобаларын іске асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны