21.07.2015, 16:20 3046

СҚО ІІД Қызылжар ауданыныӊ ІІБ қызметкері лауазымын асыра пайдаланғандығы үшін күдікті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен СҚО ІІД Қызылжар ауданыныӊ ІІБ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергелуде

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен СҚО ІІД Қызылжар ауданыныӊ ІІБ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдіктініӊ "В" санаты бойынша жалған жүргізуші куәлігін беруде өзініӊ қылмыстық пиғылын орындау үшін, тапсырыс берушіден талап етілген ақшалай қаражатты және барлық қажетті құжаттардыӊ көшірмелерін делдалы арқылы алғандығы сотқа дейінгі тергеумен анықталды.

Лауазымдық тұлға мемлекеттік авто инспекторы лауазымыныӊ күшіне сеніп, азаматтардан жол жүру ережесі және авто, мото көлік құралдарын жүргізу бойынша емтихан қабылдау оныӊ міндетіне кіретіндігін біле тұра қызметтік мүддесіне қарамастан лауазымын асыра пайдаланды. Яғни жол жүру ережесін білмейтін және көлік құралын басқаруда тәжірибесі жоқ тұлғаға көлік құралын басқару құқығына "В" санаты бойынша жүргізуші куәлігін берген. Осылайша заӊмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттіӊ мүддесіне қарсы іс-әрекет жасады.

Ағымдағы жылғы 13 шілдеде күдікті ұсталды және Петропавл қаласыныӊ ІІБ УҰИ қамауға алынды.

Сол күні Қызылжар ауданы прокурорыныӊ санкциясымен лауазымды тұлғаға қатысты кепілдік түріндегі шара қабылданды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны