24.05.2010, 15:30 3410

СҚО ІІД пайыз торғайларды тірідей өртеп жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

СҚО ІІД пайыз торғайларды тірідей өртеп жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

Алматы. 24 мамыр. Kazakhstan Today - СҚО ІІД пайыз торғайларды тірідей өртеп жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Мал дәрігерлік бақылау инспекциясы Петропавловск қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында пайыз торғайларды тірідей өртеу дерегі бойынша "KARE-Забота" хайуанаттарды қорғау жөніндегі Қазақстандық қоғамдық қоры жануарлаға қатыгездік жасалғаны үшін қылмыстық іс қозғау жөнінде шағымданған болатын. Алайда СҚО ІІД "қылмыстық құрам болмауға байланысты" деген сылтаумен қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"KARE-Забота" қоғамдық қорының хабарлауынша, 2010 жылдың наурыз айында қор Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментіне құстарды қатыгездікпен жою ҚР Қылмыстық кодексінің 276-шы бабын бұзу болып табылады деп шағымданған.

"Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын жүктей алады", - деп хабарлайды қоғамдық қор.

"ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің аймақтық мал дәрігерлік бақылау инспекциясы "Мал шаруашылығы жүктерін халықаралық және мемлекетаралық тасымалдау кезіндегі мемлекеттік малдәрігерлік қадағалаудың біртұтас ережелерін" басшылыққа ала отырып, Қазақстан мен Ресей шекарасында тәркіленген 71 пайыз торғайды Петропавловск қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тірідей өртеп жіберген", - деп хабарлайды қор.

Осыған байланысты "Қазақстанның жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық қоры бұдан былай мұндай оқиғаға жол бермеу үшін заң шығарушыларға аталған ережелерді өзгерту жөнінде өз ұсыныстарын жолдамақшы", - делінген хабарламада.

"Қазір қор Қазақстан Республикасының заңнамасына үй жануарлары мен қаңғыбас жануарларды қатыгездікпен жоюға және оларды ойын-сауық мақсатында пайдалануға жол бермеу мақсатындағы өзгерістер енгізумен шұғылданатын жұмыс тобын құруда", - деп хабарлайды қордағылар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, наурызда Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам пайыз торғайды Ташкентке алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Мигрант" іс-шарасы басталған бірінші күні "Северный" бақылау бекетінде Омск қаласынан Ташкентке бет алған автобусты тексерген кезде тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматын ұстады, одан аса қызықты жүк табылып алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы, полиция капитаны Медет Сағдиевтің айтуынша, 1957 жылы туған Өзбекстан азаматы пайыз торғайлар тобына жататын 71 құсты алып бара жатқан. Құстарды ол 6 торда ұстаған. Ұсталған жігіт оларды өсіру үшін алып барамын деп айтқан.

Ұсталғанның айтуынша, пайыз торғайлар Өзбекстанда өте сирек кездеседі. Олар әсем әндетеді және канарейкаларға ұқсас. Омск қаласында нан табудың қамымен жүрген ол құстарды ұстап алып, үйіне жеткізбек болған, алайда, кедендік декларацияда бұндай жүкті атап көрсетудің қажеті жоқ деп санаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны