25.01.2008, 13:27 1792

СҚО кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

СҚО кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі хабарлады

"Облыстың кеден қызметінің жаңа жетекшісі болып Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаменті бастығының қызметін атқарған кеден қызметінің полковнигі Илбек Қартов тағайындалды. ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары Сержан Дүйсенбаев 23 қаңтарда оны ұжым алдында таныстырды ", - деді Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Александр Семенчук.

Оның сөздері бойынша, И. Қартов 1993 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе облысы бойынша кедендік басқармасының бастығы болып, кейін ҚР мемлекеттік табыс министрлігінің орталық кеден комитетінде қызмет атқарды. Ал 2001 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік басқармасының бастығы , сосын "Отан" партиясының идеологиялық жұмыстары жөніндегі департамент директорының қызметін атқарды. Ал 2006 жылдың қараша айында кедендік органдарының құрылымына қайта оралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны