08.05.2008, 13:54 3026

СҚО қорықшы Қызыл кітапқа енгізілген тырнаны атып алды

СҚО қорықшы Қызыл кітапқа енгізілген тырнаны атып алды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында Қызыл кітапқа енгізілген сұр тырнаны ату дерегі тіркелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, ең қызығы қорықшының өзі браконьер болған.

СҚО Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасының өкілдерімен Целинный ауылына жақын жерде оқ атылғанын естіп, екі шақырым жерді өткеннен кейін "Нива" көлігін қуып жеткен. Оның жүк бөлімінде мойнынан атылған тырнаны және көліктің ішінен оқталған мылтықты тапқан .

Анықталғанындай, құсты аңшылар және балық аулаушылар қоғамының мүшесі болып табылатын 55 жастағы қорықшы атып алған.

Қорықшы далада сирек кездесетін құсты көргенде аңшылық арқасы ұстауы салдарынан оны атып алмай кете алмағанын айтып түсіндірді.

Бүгінгі кезде тәртіп сақтау қызметкерлері бұған қатысты қылмыстық іс қозғауда. Мамандар атылған құс ҚР Қызыл кітабына енгізілгенін атап өтті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны