13.12.2010, 18:10 3624

СҚО мемлекеттік қызметкерлерді қызметке қабылдау байқауы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда

СҚО мемлекеттік қызметкерлерді қызметке қабылдау байқауы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - СҚО мемлекеттік қызметкерлерді қызметке қабылдау байқауы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның ақпараттарына сүйенсек, солтүстікқазақстандық шенеуніктер 2 сағат ішінде қараңғыдан қорқасыз ба немесе миллион тауып алсаңыз оны қалай жұмсайсыз деген сияқты әртүрлі қарапайым психологиялық 515 сұраққа жауап беруге тиіс.

Психометриялық тесті ҚР Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі агенттігін әзірлеген. Изірге жауап берген қызметкерлерге ешқандай баға берілмейді. Тіптен, нәтижесі 50 пайыздан

төмен болса да оның қызметіне еш әсері болмайды.

Егер тәжірибе жүзінде жүргізіліп жатқан тест өз нәтижесін берсе, онда тест бүкіл еліміз бойынша жұмысқа қабылдау кезіндегі байқаудың негізгі шарттарының тізіміне енетін болады, деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны