12.07.2010, 14:36 4319

СҚО мемлекеттік мекемелерінде қаржылық заң бұзу деректері анықталды

Қаржылық бақылау инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек, іс-шара жоспарына сәйкес 134 нысанға кешенді бақылау жүргізілген, олардың 113 жергілікті бюджет тарапынан қаржыландырылады.

Петропавл. 12-шілде. Kazakhstan Today СҚО мемлекеттік мекемелерінде қаржылық заң бұзу деректері анықталды, келген шығын көлемі миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Қаржы министрлгінің СҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу инспекциясына сілтеме жасай отырып.

Қаржылық бақылау инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек, іс-шара жоспарына сәйкес 134 нысанға кешенді бақылау жүргізілген, олардың 113 жергілікті бюджет тарапынан қаржыландырылады.

"Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 216,4 млн теңгені құрайды, оның ішінде 1 077,8 млн теңге жергілікті бюджет қаржыландыратын ұйымдардан анықталып отыр. Жергілікті бюджет қаржыландыратын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтар сомасының 64 пайызы немесе 691,3 млн теңге қаржылық заң бұзушылық болса, 25 пайызы немесе 269,9 млн теңге бойынша мемлекеттік сатып алу заңы бұзылған, 7 пайызы немесе 76,6 млн теңге жергілікті бюджетті бекітуді әзірлеу барысындағы заң бұзушылықтар, ал 4 пайызы немесе 40 млн теңге - қаржылық есеп беруді құру ережесін бұзған", деп түсіндірді инспекциядағылар.

Сонымен қатар, бірінші жарты жылдықта 104 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған.

"Тексеру қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 18,9 млн теңгені құрайтын 16 материал жіберілді. Осы материалдар бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, төрт іс бойынша қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталған. Осы істер сотқа беріліп, 4 лауазымды тұлға сотталды",- деп хабарлады қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Ақан Сыздық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны