07.03.2008, 12:06 3019

СҚО өндіріс және кәсіпкерлік департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

СҚО өндіріс және кәсіпкерлік департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Астана. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұйрығымен өндіріс және кәсіпкерлік департаменті бастығының қызметіне Баржақсы Төлегенов тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Икімдікте хабарлағанындай, жаңа қызметке тағайындаудың алдында 48 жасар Б. Төлегенов СҚО Айыртау ауданының әкімі болған. Сондай-ақ, СҚО әкімдігінің экономикалық даму департаментін басқарып, СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары болған.

Икімдіктің мәліметтері бойынша, Б. Төлегенов Көкшетау облысында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, сондай -ақ ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің жоғарғы басқару мектебін тәмамдап, Көкшетаудың экономика және менеджмент институтында оқыған. Мамандығы бойынша ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыратын экономист, менеджер. Экономика магистрінің дәрежесі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны