07.06.2017, 13:17 2495

СҚО жастары Құмар Ақсақаловты қалалық бақты жаӊғырту жөнiндегi жобалармен таныстырды

Кездесу соӊында өӊiр басшысы жастарға Оқушылар сарайы жобасын жасауға қатысуды ұсынды.

Петропавловск. 7 маусым. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов қалалық бақты жаӊғырту мәселелерi жөнiнде өӊiр жастарымен кездестi.

"СК РАЙВ" ЖШС-нiӊ сәулеткерi Лариса Фомченкомен, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ "Сәулет және дизайн" мамандығы бөлiмiнiӊ 3-курс студентi Диаз Көпеев өӊiр басшысы мен БАҚ өкiлдерiне өздерiнiӊ жобаларын ұсынды.

Лариса Фомченконыӊ жобасына сәйкес бақта тыныш және белсендi демалыс аймағын ұйымдастыру қарастырылған. Белсендi демалыс аймағында эко-дәмхана, иттердi қыдырту үшiн алаӊ жасалатын, сол сияқты гүлзарларды көгалдандыру үшiн орын бөлiнетiн болады. Спорт алаӊдары сол жерде қалдырылып, онда жаӊа тренажерлер орнату көзделген. Балалар алаӊында кiшi және жасөспiрiм жастағы балалар үшiн бөлiнiс пайда болады. Бұдан басқа, мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн спорт алаӊы жабдықталмақ. Ескi бақта жолдармен қатар арнайы жабылғылармен веложолдар жасалып, велосипедтер қоятын орын қарастырылмақ.

Өз кезегiнде Диаз Көпеев жобаға кiрiсер алдында қала азаматтары арасында сауалнама жүргiзiлгенiн айтып бердi. Илеуметтiк желiлерде петропавлдықтар қаланыӊ басты қонақжай орындарыныӊ бiрiнде ненi өзгертiп, не енгiзу керектiгi жайында ой бөлiскен. Сауалнама мен ұсыныстардан жоба идеясы туған. Авторлардыӊ ұсынысы бойынша, бақ бiрнеше аймаққа бөлiнетiн болады - олар: "Ұлттық бақ", "Ағылшын бағы", "Жапон бағы", "Ғашықтар бағы", сол сияқты ашық аспан астында киноаумақ жасау қарастырылған.

"Барлық ағаштарды қалдыру, жаӊа орындықтар, қоқыс жәшiктерiн орнату және жарықтандыру ұсынылды. Басында әрдайым жұмыс осындайдан басталады, бiз Ғаламторда бар ұсыныстарды, оныӊ iшiнде еӊ үздiктерiн iздедiк. "Жапон бағы" идеямыз бойынша жерге толығымен бiр сұрыпты гүлдер егiледi, "Ағылшын бағы" барлық өсiмдiктерiмен, геометриялық мүсiндерiмен Англияны елестететiндей қатаӊ ағылшындық стильде болады. Жоба бойынша бiр аптадай жұмыс iстедiм", - деп өз ойымен бөлiстi Диаз Көпеев.

СҚМУ студентiнде жобалар әзiрлеу тәжiрибесi бар екендiгiн атап айтқан орынды. Диаз Жастар сарайы мен Университеттiӊ көрнекiлiгi бойынша жұмыс iстеп, оныӊ идеясы iске асырылған болатын. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов балалардыӊ идеясына оӊ баға бердi.

"Сiздердiӊ ұсыныстарыӊызды мақұлдаймыз деп есептеӊiздер. Тұтастай алғанда олар бiзге ұнады. Илеуметтiк желiлерде талқыланғаны дұрыс, әлеуметтiк орындарды жастар үшiн жасаймыз және саламыз. Тек баққа ғана емес, барлық iске жастардыӊ қатысқаны мен үшiн маӊызды. Конституция көшесiн жаӊғыртуға сiздердiӊ қатысқандарыӊызды қалаймын. Бұл көше тарихи болса екен деймiз. Қазiр бiз онда толығымен өрнектастарды ауыстырамыз, осы көшедегi ғимараттар мен үйлердi жөндеймiз. Бұл бiрегей көше - мұндай ешқайда жоқ, сондықтан ол әдемi болса екен деймiз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соӊында өӊiр басшысы жастарға Оқушылар сарайы жобасын жасауға қатысуды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны