26.03.2013, 14:32 3200

СҚО жолдарында 20-ға тарта техника мен 40-тан астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайың ауданының "Полтавка-Смирново" автожолында 10 жеңіл автокөлік, "КамАЗ" бен автобус қар құрсауында қалған. Оқиға орнында аудандық шұғыл әрекет ету отряды жұмыс істеп, жолдарды тазартты, адамдар мен көлікті кептелістен шығарды. Мұндай оқиға Жамбыл, Қызылжар ауданында, "Мамлютка - Қостанай", "Шаховское -Петропавловск" автожолдарында қайталанды.

Петропавл. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында наурыздың 25-інен 26-сына дейін 20-ға тарта техника мен 40-тан астам адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайың ауданының "Полтавка-Смирново" автожолында 10 жеңіл автокөлік, "КамАЗ" бен автобус қар құрсауында қалған. Оқиға орнында аудандық шұғыл әрекет ету отряды жұмыс істеп, жолдарды тазартты, адамдар мен көлікті кептелістен шығарды. Мұндай оқиға Жамбыл, Қызылжар ауданында, "Мамлютка - Қостанай", "Шаховское -Петропавловск" автожолдарында қайталанды.

Барлық жағдайларда адамдарға қажетті көмек көрсетілді.

Қазгидрометтің мәліметінше, 26-27 наурызда өңірге жауын-шашын түсіп, оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, желдің екпіні кей жерлерде 25 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы 28 наурыз күні түнде 7-12, кей жерлерде 17 градусқа дейін төмендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны