10.01.2014, 19:00 3280

СҚО-да 2013 жылы ардагерлерді қолдауға шамамен 140 млн теңге бағытталды

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 94 мыңдай қарт 140 млн теңге көлемінде көмекке ие болды. Аталмыш қаражат қайырымдылық сенбіліктерде жиналды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 94 мыңдай қарт 140 млн теңге көлемінде көмекке ие болды. Аталмыш қаражат қайырымдылық сенбіліктерде жиналды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

2013 жылы бастауыш ұйымдармен белсенді жұмыстар атқарылды, қазірде өңірде олардың саны 727-ге жетті. Ұлт Көшбасшысының Жолдауын іске асыруға ерекше мән беріледі.

"Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 94 мың зейнеткер өмір сүреді. Олардың 364-і соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 15 мыңнан астамы тыл ардагерлері. 2013 жылы олар 140 млн теңге көлемінде қолдауға ие болды. Аталмыш қаражат қайырымдылық сенбіліктерде жиналды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ардагерлердің облыстық кеңесінде жыл сайын мұқтаждарға көмек көрсетіледі. Кеңестің төрағасы Ескендір Елеусізовтың айтуынша, өткен жылы 446 адамға демалыс орындарына жолдама беріліп, 20 мыңнан астамы азық-түлік көмегіне ие болса, 90 адам тұрғын үйін жөндеуге материалдық көмек алды, ал 1050 ардагерге жанармай берілді.

Айта кету керек, Ардагерлер кеңесінде 2014 жылдың атқарылар жұмыстары пысықталуда. Ең алдымен аға буын өкілдерінің әлеуметтік мәселелерін шешу басты назарға алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны