04.04.2013, 12:18 3560

СҚО-да 37 елді мекенді су басу қаупі бар

"37 елді мекенді еріген қар суының басу қаупі бар. Петропавл қаласында сегіз шағын ауданның тұрғын үйлері су астында қалуы мүмкін. Қауіпті зонаның 370 учаскесі жіті бақылауда", - деп баяндады облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев.

Петропавл. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында 37 елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімдігінің отырысында су басу қаупіне қарсы шаралар мәселесі қарастырылды.

"37 елді мекенді еріген қар суының басу қаупі бар. Петропавл қаласында сегіз шағын ауданның тұрғын үйлері су астында қалуы мүмкін. Қауіпті зонаның 370 учаскесі жіті бақылауда", - деп баяндады облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев.

Су тасқыны кезінде облыс аумағында орналасқан 34 гидротехникалық құрылыстардың ішінде Ғ.Мүсірепов атыдағы аудан үшін Шарық және Тайсары құрылыстары қауіпті болып келеді.

Аймақ басшысы аудан басшылықтарына қар тазалау жұмыстарының нашарлығына байланысты наразылығын білдірді.

Сондай-ақ, оның айтуынша республикалық жолдарда су өткізу құбырларының 30% тазаланды. Осыншама облыстық маңызды жолдарда да тазаланды. Аймақ басшысы аталмыш мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны