29.10.2015, 15:36 4073

СҚО-да 39 жастағы әйел екі баланы өрттен құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Чистополье селосыныӊ 39 жастағы тұрғыны - Илона Крутикова көршісініӊ екі кішкентай баласын қызыл жалыннан құтқарып қалды

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Чистополье селосыныӊ 39 жастағы тұрғыны - Илона Крутикова көршісініӊ екі кішкентай баласын қызыл жалыннан құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тілді дамыту және ақпарат тобыныӊ бас маманы Евгений Журавлевтіӊ айтуынша, ата-анасы жұмысқа кетіп, 4 жасар ұлы мен 2 жасар қызын бақылаусыз үйде жалғыз қалдырған. Сіріӊкемен ойнаған балалар өрттіӊ қалай шыққандығын өздері де аӊғармай қалыпты. Үйдіӊ жанып жатқанын көрген Илонаеш ойланбастан, отқа түсіп, бүлдіршіндерді кезек-кезек сыртқа алып шыққан. Мұнымен қоса аз уақыттыӊ ішінде ерлік көрсеткен азаматша газ балонды шығарып үлгерді. Бұдан кейін ол бірден өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны