28.05.2013, 09:40 2671

СҚО-да банк қызметкері әйелін өлтіріп, одан кейін өз-өзіне қол салған

Бүгін таңертең жедел-іздестіру шарасы барысында жедел уәкілдер орман арасында күдікті азаматтың асылып қалған мәйітін тауып алған. Одан өлер алдында жазған хаты табылды.

Павлодар. 28-мамыр. Kazakhstan Today - СҚО-да банк қызметкері әйелін өлтіріп, одан кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мадина Балгащуковаға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "27 мамырда қаладағы бір банктің қызметкері түскі үзілістен кейін жұмыс орнына қайтып оралмаған. Қызметтестері кабинеттің есігін бұзып кіргенде, бірнеше жерден пышақ салынған оның 26 жасар әйелінің мәйітін тауып алады. Оқиға орнына келіп жеткен Петропавл қаласы ІІБ тергеу-оперативтік тобы сол қайғылы күні болған жағдайды анықтауға тырысты: сол күні түскі ас алдында әйел адам өз күйеуінің кабинетіне кірген екен. Оның қызметтік кабинетінде ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаса керек, соның барысында күйеуі әйеліне бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Соңынан кабинетті сыртынан жауып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды".

Бүгін таңертең жедел-іздестіру шарасы барысында жедел уәкілдер орман арасында күдікті азаматтың асылып қалған мәйітін тауып алған. Одан өлер алдында жазған хаты табылды.

"Аталған оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама белгіленді. Болған оқиға жан-жақты зерттеліп біткеннен кейін ғана іс жүргізуге қатысты шешім қабылданатын болады", - деді Мадина Балгащукова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны