26.03.2013, 11:53 3084

СҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денелері табылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, СҚО Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғындары - 41 жасар Ж.Ж.Белгібаев пен оның жұбайы 35 жасар М.И.Белгібаева 2013 жылдың 25 ақпанында боранда Мәртүк ауылына қарай бет алып, сол күйі жоғалып кеткен. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - СҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денелері табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, СҚО Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғындары - 41 жасар Ж.Ж.Белгібаев пен оның жұбайы 35 жасар М.И.Белгібаева 2013 жылдың 25 ақпанында боранда Мәртүк ауылына қарай бет алып, сол күйі жоғалып кеткен. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"2013 жылы 23 наурызда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында далада, Мәртүк ауылынан 25 шақырым жерде Көктерек ауылына қарайғы бағытта із-түзсіз жоғалып кеткен ер азамат - Ж.Ж.Белгібаевтың денесі, одан әрі жүргізілген іздестіру жұмысы нәтижесінде Мәртүк ауылынан 30 км қашықтықта із-түзсіз жоғалған азаматша - М.И.Белгібаеваның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру жұмыстарына ҚР ҰҚК ПҚ, ТЖБ, ІІБ қызметкерлері жұмылдырылып, сонымен қатар Тілеусай, Көктерек пен Мәртүк ауылдарының тұрғындары атсалысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны