04.04.2013, 14:06 3222

СҚО-да полицейлер 30 жастағы әйелді іздестіруде

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 10 наурыз күні Ақжар аудандық ішкі істер бөліміне Үлгілі ауылының тұрғындары екі апта бұрын Алмагүл Манбаева есімді бірге тұрып жатқан туысқандарының үйден кетіп, әлі күнге дейін оралмағанын хабарлайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ауыл маңындағы жолдар, егістік жерлер, орман тексеріледі.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір ай бұрын үйінен кетіп, әлі күнге дейін оралмаған 30 жастағы әйелді іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 10 наурыз күні Ақжар аудандық ішкі істер бөліміне Үлгілі ауылының тұрғындары екі апта бұрын Алмагүл Манбаева есімді бірге тұрып жатқан туысқандарының үйден кетіп, әлі күнге дейін оралмағанын хабарлайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ауыл маңындағы жолдар, егістік жерлер, орман тексеріледі. Бірақ бұл шаралар әлі нәтижесін бермей отыр. Полицейлер біреулердің әйелді жол бойында көргенін анықтады. Сондықтан олар тұрғынның Қазақстанның бір қаласында болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

Осыған дейін де әйел үйінен бірнеше рет кетіп қалған. Бірақ ол біраз уақыт өткеннен үйіне қайтып оралады. Жоғалып кеткен әйел психиатрдың есебінде тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны