05.08.2022, 15:46 19831

Соңғы аптада ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып кетудің 700-ден астам жағдайы "үй жанындағы" дүкендерінде анықталды

Соңғы аптада ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып кетудің 700-ден астам жағдайы "үй жанындағы" дүкендерінде анықталды
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - Соңғы аптада рейдтік іс-шаралармен 40,3 мың "үй жанындағы" дүкен қамтылып, онда 734 сауда үстемесін бұзушылық анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауда комитеті "үй жанындағы" дүкендердегі сауда үстемесін бақылау бойынша әкімдіктерді үйлестіруді жүзеге асырады.
 
Осылайша, ведомство мәліметі бойынша, ең көп бұзушылық Нұр-Сұлтан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталды.
 
Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30).
 

Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21). Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан)", - деп хабарлады ҚР СИМ.

 
Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында (6).
 
Жүргізілетін жұмыс бизнес субъектілерінің сауда үстеме бағасын өз еркімен төмендеткенімен сипатталады. Сонымен, түсіндіру жүргізу нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа сауда үстемелерін 5-15%-ға дейін төмендетті.
 
Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 айыппұл салынды.
 
Ведомство негізгі азық-түлік өнімдеріне (ӘМАТ) сауда үстемесін арттырғаны үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін екенін еске салды.
 
Бұл ретте шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды. 
 

15%-дан асып кету ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады", - деп мәлімдеді министрлікте.

 
ҚР СИМ Сауда комитетінде ӘМАТ тізбесіне 19 азық-түлік, жарма және көкөністер кіретінін еске салады (1-ші сұрыпты ұн, 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы), түтік кеспе (өлшеніп сатылатын), қарақұмық (өлшеніп сатылатын), күріш (өлшеніп сатылатын), картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік сүйегі), жұмсақ қаптамадағы сүт майлылығы 2,5% , жұмсақ қаптамадағы айран майлылығы 2,5%, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санаты), ас тұзы ("Экстра"-дан басқа), сүзбе 5 – 9% майлылығы).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны