25.05.2022, 16:02 26046

Соңғы қоңырау 3,5 млн-нан астам қазақстандық оқушы үшін соғылды

Статистика бюросының мәліметінше, бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Соңғы қоңырау 3,5 млн-нан астам қазақстандық оқушы үшін соғылды
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Қазақстанда биыл 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы қорытындыланды. Статистика бюросының мәліметінше, бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
 
Оқушылардың басым бөлігі Алматы қаласы, Түркістан мен Алматы облыстарынан, деп хабарлайды Stan.kz.
 

Бүгін 3 597 159 оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты соғылды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

 
Биыл Қазақстанда 171 мың түлек мектеп бітірді. Оның 8139-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер.
 
Қаланың 295 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
 
Биылғы жылы 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында білім беру сапасын арттыру және пандемия мен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқушылар үшін қосымша оқыту ұйымдастырылатын болады.
 
9, 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-сыныптарда 28 мамырдан 6 маусым, ал 11-сыныптарда 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады.
 
Биылғы жылдан бастап талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Екі мүмкіндіктің көмегімен тек мамандандырылған пәндердің бір комбинациясын таңдауға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны