14.01.2014, 19:24 21173

Сочидегі Олимпиада ойындарына қазақстандық делегация құрамында 300 қатысушы барады

Сочидегі Олимпиада ойындарына қазақстандық делегация құрамында 300 қатысушы барады, деп хабарлады ҚР Спорт істері және денешынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Сочидегі Олимпиада ойындарына қазақстандық делегация құрамында 300 қатысушы барады, деп хабарлады ҚР Спорт істері және денешынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында.

"Ресми делегация 260-300 адамнан тұрады. Бірінші топта Ойындар өтетін жерге 150-ге адам, содан кейін - қалғандары барады", - деді Е.Қанағатов.

Ол спортшыларға Олимпиадада табысты өнер көрсетуге көмектесе алатын адамдар делегацияға енгізілген, деп атап көрсетті.

"Делегацияның әрбір қатысушысының өзіндік орны бар, негізді және құрамаға пайдасын тигізеді. Бізде жеңіп алған лицензиямыздың 50-пайызын психологтар, дәрігерлер, жаттықтырушылар және басқа да қажетті қызмет көрсететін адамдар алды. Олардың бірқатары квотадан тыс қалды, сондықтан да біз оларды қазақстандық олимпиадалық жанкүйерлер делегациясы құрамында жіберуге шешім қабылдадық", - деп қосты ол.

Сонымен бірге, Е.Қанағатовтың айтуынша, Сочи Олимпиадасы делегациясының құрамында ұлттық олимпиадалық құрама, жас спортшылар, 40-қа тарта журналистер, спортшылардың ата-аналары, Штаттық ұлттық команда және спорт резерві дирекциясының қызметкерлері, баспасөз орталығын ұйымдастырушылар, сондай-ақ қазақстандық спортты дамытуға зор үлес қосқан спорт ардагерлері барады.

Ведомство басшысының орынбасары, жанкүйерлер құрамын қалыптастыру мәселесі бойынша, ХОК-те тіркелген туристік компания айналысатынын айтты, ол бұл саладағы бірыңғай оператор болып табылады.

"Бұл компания Қысқы Олимпиаданы көруге тілек білдіргендердің өз есебінен Олимпиадаға тур ұсыну қызметін көрсетеді", деп нақтылады Е.Қанағатов.

Ақпараттық жариялау мәселесіне қатысты айтар болсақ, Сочиде жарыстар кезінде тіркелген журналистерден басқа, Штаттық ұлттық команда және спорт резерві дирекциясы базасында баспасөз орталығы ұйымдастырылады, журналистер сонда жұмыс жасай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны