20.11.2015, 14:17 3963

Содырлардыӊ Астанада жарылыс жасамақ болғаны туралы мәлімет жұрттыӊ жағасын ұстатты

Астанада жоқын жарылыс жасамақ болған. Содырлардыӊ сойқанын күш құрылымдары алдын ала әшкерелеп, дер кезінде қимылдапты. 4 ай бұрын болған оқиғаны бүгін қала әкімі Иділбек Жақсыбеков айтты.

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Лаӊкестер Астанада жоқын жарылыс жасамақ болған. Содырлардыӊ сойқанын күш құрылымдары алдын ала әшкерелеп, дер кезінде қимылдапты. 4 ай бұрын болған оқиғаны бүгін қала әкімі Иділбек Жақсыбеков айтты. Негізі мұндай мәлімет жұртты дүрліктірмеу үшін о баста жария етілмеген екен. Бұл жолы да әкім жай-жапсарды ашып айтқан жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ал, сырттан келген содырлар осылай жарылыс жасамақ болғанда, отандастарымыз Сириядағы соғысқа әлі аттанып жатыр. Бірінші кезекте бұған үгіт-насихаттыӊ күштілігі себеп. Тек осы жылдыӊ өзінде елімізде жиһадқа шақыратын сайттардыӊ саны алты есеге артып, 2 мыӊға жетіпті. Whatsapp, twitter, facebook секілді әлеуметтік желілермен де түрлі хабарламалар таратып, жастарды жаппай жиһадқа аттануға үгіттеп жатқандар жетерлік. Лаӊкестікке қарсы күрес қызметкерлеріне мұндай сайттарға тосқауыл қою қиынға соғып тұр. Өйткені, интернетті бастан аяқ бақылау мүмкін емес, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны