Система Orphus

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды

26.03.2020, 14:44 6373

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.А. Ибраевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол жалпы қамқорлығы мен діңгекті антенна құрылғыларын орнату бойынша орындалған жұмыстың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпорын директорынан 1200 доллар көлемінде пара алу күдігіне ілінді.

А.ж. 19 наурызда Петропавл қалалық сотының үкімімен Ибраев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны