13.03.2019, 00:43 13978

Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар 4 142 925 мемлекеттік қызмет көрсеткен

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар 4 142 925 мемлекеттік қызмет көрсетсе, соның 90,4 пайызы "e-gov", "e-license" порталдары және қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.

Петропавловск. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға баса мән беру қажеттігін айтады. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында: "Сапа" - мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру - оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі", - дей келе, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру керек екенін атап көрсетті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдар 4 142 925 мемлекеттік қызмет көрсетсе, соның 90,4 пайызы "e-gov", "e-license" порталдары және қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылы - 28 пайыз, ал 2016 жылы 19,9 пайыз болғанын ескерсек, мемлекеттік қызметті электронды түрге көшіру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелі екенін көруге болады. Баламалы қызметтер саны 6,6 пайызға кесіп, 277 424-ті құрады. 2017 жылы жалпы мемлекеттік қызметтің 21 пайызына тең болған еді.

Жоғарыдағы мәліметтерден байқалатындай, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны артты. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты - жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметті алуға айтарлықтай аз уақыт жұмсап, үрдісті жеңілдетіп, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Айта кету кажет, қызмет алушыға бағдарлау принципті жүзеге асыру аясында Агенттікпен "Digital agent" мобильдік қосымшасы әзірленіп іске қосылды. Енді әр адамда көрсетілген қызметтің сапасын бағалап, өз пікірін немесе тілегін қалдыруға мүмкіндігі бар.

Шынымен де, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға септеседі. Қызметті көрсетушілер мен алушылардың тікелей байланысын азайту арқылы жемқорлық әрекеттерінің тәуекелі де кемиді. Сондықтан да электронды қызметке көшу - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті жұмысының басты бағыттарының бірі.

Мемлекеттік басшысы былтырғы Жолдауында 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызын, ал 2020 жылы 90 пайызын электронды форматқа көшіру міндетін жүктеген еді. Бұл міндетті жүзеге асыру бағытында оқыту семинарларымен, ақпараттық-түсіндіру дәрістерімен облыстағы барлық ауылдық округтер, еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушылары қамтылды. Жалпы өткен жылы 773 оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш бағыттағы жұмыс биыл да жалғасуда.

Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыруда электронды-цифрлық қолтаңбаның болуы және онымен қолдана білу маңызды. Осыған орай ведомство үстіміздегі жылы "Электронды-цифрлық қолтаңба - әрбір адамға" акциясын іске қосты. Ақпан айында аталмыш акция М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және өңіріміздегі барлық колледждерде өтіп, қажетті ақпараттар мен білім ордаларының 10 мыңға жуық студенті мен оқытушысы қамтылды.

Мемлекеттік аппарат тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беру үшін барынша ашық әрі қолжетімді болуы керек. Осы орайда департамент мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізуді қолға алғанын айта кеткен жөн. Былтыр осындай 22 жәрмеңке ұйымдасырылып, төрт мыңнан астам облыс тұрғыны қатысты.

Қоғаммен өзара байланыс орнатудың жоғарыда көрсетілген амал-тәсілдерінің тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденіп отыр. Сондықтан осы бағыттағы шараларды жалғастырып, электронды форматқа ауысу арқылы тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға тиіспіз, деп жазады Индира Баженова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны