26.03.2020, 14:46 7460

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев селолық округінің бұрынғы әкімі алаяқтық үшін сотталды

Тимирязев аудандық сотының үкімімен Байгужин 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today -Тимирязев селолық округінің бұрынғы әкімі алаяқтық үшін сотталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Тимирязев ауданының Тимирязев селолық округінің әкімі С.О. Байгужинге қатысты алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Байгужин Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы аурулар бөлімшесінің қираған орнын бұзуға және бөлшектеуге рұқсат бергені үшін алаяқтық жолмен ақша алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.

А.ж. 19 наурызда Тимирязев аудандық сотының үкімімен Байгужин 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны