26.06.2009, 12:01 1226

Солтүстік Атлантикалық альянс бітімгершілік операцияларға "Қазбат" қатысады деп сенеді

Солтүстік Атлантикалық альянс бітімгершілік операцияларға "Қазбат" қатысады деп сенеді

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Атлантикалық альянс бітімгершілік операцияларға "Қазбат" қатысады деп сенеді. Бұл туралы бүгін Астанада Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік ассамблеясының 71-ші "Роуз-Рот" семинарында Солтүстік Атлантикалық альянстың Ориалық Азия жөніндегі кураторы Тугай Тунчер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл дара әрі аса маңызды сала. Солтүстік Атлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай үлгісі ретінде қарулы күштердің оперативтік үйлесімділігін атауға болады", - деді Т. Тунчер.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянс Орталық Азия мен әлемнің басқа да бөліктеріндегі бітімгершілік операцияларға "Қазбат" қатысады деп сенеді деп атап көрсетті.

"Қазақстан үкіметінің шешіміне сәйкес "Қазбат" Орталық Азиядағы барлық бітімгершілік операцияларға толыққанды қатысады деп біз үміттенеміз", - деді Т. Тунчер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны