23.03.2017, 18:07 6437

Солтүстiк Қазақстан облысы әкімі өӊірдіӊ құрметті азаматы Жаксылық Ысқақовты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыстыӊ Құрметті азаматы Жаксылық Ысқақовты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

Петропавловск. 23 наурыз. Kazakhstan Today - СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыстыӊ Құрметті азаматы Жаксылық Ысқақовты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады,- деп хабарлайды әкімніӊ баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысында партия және қоғам қайраткері Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Жақсылық Ғабдоллаұлы 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Бұлақ ауылында туған, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, К.А. Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясы мен КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін аяқтаған.

Жақсылық Ысқақов еӊбек жолын Полудино машина-трактор станциясында агроном болып бастады.

1957-1959 жылдары Октябрь ауданыныӊ Ворошилов атындағы машина-трактор станциясында, Ленин ауданыныӊ "Заградовское" кеӊшарында бас агроном болып қызмет етті.

1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ЛКЖО облыстық комитетініӊ екінші, кейін бірінші хатшысы болып бекітілді.

Ир түрлі жылдары Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Тимирязев ауданыныӊ атқару комитетініӊ, кейін Бескөл аудандық еӊбекші депутаттар кеӊесініӊ төрағасы, Қазақстанныӊ Комунистік партиясыныӊ Сергеев аудандық комитетінде бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1975 жылдан 1991 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитеті төрағасыныӊ орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды, Павлодар атқарушы комитетін басқарды.

1992- 2005 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарды.

Қызмет барсында "В.И. Ленин" орденімен, "Құрмет белгісі", "Еӊбекші Қызыл ту", "Октябрь төӊкерісі", "Халықтар достығы" ордендерімен, "Ерен еӊбегі үшін" медалімен марапатталған.

Мерейтой иесін құттықтай отыра өӊір басшысы Құмар Ақсақалов Жақсылық Ысқақов облыс дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.

"Солтүстік Қазақстан облысы - біздіӊ еліміздіӊ астық қорыныӊ бірі. Сіздіӊ басшылығыӊызбен мал шаруашылығында жаӊа технологиялар енгізілді. Соныӊ арқасында ет пен сүт өндірісі 2 есеге, өнімділігі гектарына 5 центнерге дейін артқан. Біз сізді кеӊесші, басшы ретінде білеміз. Сізді құттықтаймыз, денсаулық, отбасы амандығы мен ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Ескендір Елеусізов, еӊбек ардагерлері - Зинаида Беева, Евгений Викторов, Кұдайберген Қалиев, сонымен қатар, облыстыӊ "ОДАҚ" комсомол ардагерлер кеӊесініӊ өкілі Валерий Маслов құттықтады.

"Ағамыз атқа міген күннен бастап осы уақытқа дейін аттан түспеген. Ол деген әрбір адамныӊ пешенесіне жазылған емес. Біз сізден үлгі алып,өнеге алып өсіп келе жатыр. Бірішіден, ағамыз - өткір, екіншіден - айтатын сөзі тура, өз сөзін дәлелдеп шығады. Сізге денсаулық тілеймін, аман-сау болып жүре беріӊіз", -деп құттықтады Құдайберген Қалиев.

Өз кезегінде Жақсылық Ғабдоллаұлы жиналғандарға алғысын айтты.

"Сіздерге достығымыз үшін, жылы сөздеріӊіз үшін алғысымды айтамын. Өзімніӊ бар саналы өмірімді мен Солтүсьтік Қазақтсан облысында өткіздім, сіздермен бірге қызмет еттім. Біз барлығымыз адал қызмет етіп, бар күшімізді, білімімізді салып, бір-бірімізді қолдап, жақсы нәтижелерге жетіп отырмыз", - деді Жақсылық Ысқақов.

Жиын соӊында өӊір басшысы Құмар Ақсақалов еӊбек ардагерлерініӊ, өӊірдіӊ құрметті азаматтарыныӊ пікірлері өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен маӊызы бар екенін атап өтті.

"Сіздер тарих қорғаушыларысыздар, сіздер қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сондықтан түрлі деӊгейде осындай кездесулерді жиі өткізілгені маӊызды. Біз бұған мүдделіміз және осы жұмысты өткізетін боламыз", - деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны