22.05.2008, 11:01 1207

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа іс басқарушысы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа іс басқарушысы тағайындалды

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұйрығымен әкімінің іс басқарушысы қызметіне Талғат Қошқарбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

38-жастағы Т. Қошқарбаев Петропавлда дүниеге келді. Ол Гомельдің кооперативтік институтын, Солтүстік -Қазақстанның мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы экономист- заңгер.

Еңбек жолын 1995 жылы Петропавлдың "ТАС" ЖШС директоры ретінде бастады. 1999 жылы "Юбилейная" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2004 - 2007 жылдары СҚО Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметке тағайылдалғанға дейін Т. Қошқарбаев ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің СҚО балық шаруашылығы басқармасының бақылау-инспекциялық жұмыстар бөлімінің бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны