04.07.2018, 15:29 3410

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеӊкесі өтті

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (жұмысқа орналастыру, жәрдемақы рәсімдеу, мүгедектерді айықтыру мәселелері),ауылшаруашылық техниканы жүргізу құқығына куәлік беру, көші-қон қызметі, бала тууды тіркеу саласындағы қызметтері жоғары сұранысқа ие болды.

Петропавловск. 4 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында а.ж. 28 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігініӊ қолдауымен С.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету жәрмеӊкесі өтті, оған ТКШ, сәулет, жұмыспен қамту, көші-қон қызметі, білім, ветеринария, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер, АХАЖ, ХҚО аудандық филиалыныӊ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету консультативтік түсіндіру көмекті 87 адам алды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (жұмысқа орналастыру, жәрдемақы рәсімдеу, мүгедектерді айықтыру мәселелері),ауылшаруашылық техниканы жүргізу құқығына куәлік беру, көші-қон қызметі, бала тууды тіркеу саласындағы қызметтері жоғары сұранысқа ие болды.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 30-дан астам электронды -цифрлы қолтаӊба берілді, азаматтарға электрондық үкімет порталында жұмыс істеу түсіндірілді.

Жәрмеӊкені өткізу барысында мемлекеттік қызметтерді алуға азаматтардыӊ құқығы және қызметті көрсету сапасына шағымдану тәртібі, электрондық қызметтерді көбейту, оныӊ ішінде біржолғы SMS-пароль бойынша 1500-ден астам ақпараттық брошюралар таратылды.

Ауданныӊ басқа ауылдық округтерінде осындай іс-шараларды өткізуді әрі қарай жалғастыру жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны