12.10.2007, 16:31 2780

Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіретін астыртын цехтар, сауда кәсіпорындары, фармацевтикалық құрылымдар бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура қызметкерелері анықтаған дәрі-дәрмек құралдарын, азық-түлікті және балалар ойыншықтарының сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың бұзылуы жұмысты тоқтатуға себеп болған.

Атап айтқанда, анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін тамақ өнімдерін шығаратын 4 цехтың жұмысы тоқтатылған. "Кәсіпкерлер өнімдерін сенімді сауда нүктелері арқылы сатқан. Сондай-ақ, облыстың аудандарына жөнелтіп отырған", - деп атап көрсеті баспасөз қызметінде.

Өнім сапасын дәлелдейтін қажетті құжаттардың болмауы және өнімнің тазалықтан ада жағдайда өндірілуі облыстық прокуратура анықтаған заң бұзушылықтардың бірқатары ғана болып тұр.

Тексеру нәтижесі бойынша 2 тонна сапасы күдік туғызған өнім жойылған немесе қайта өңдеуге жіберілген. Фармацевтикалық ұйымдарда 50-ден астам заң бұзушылықтар анықталған.

Санитарлық қызметтің рұқсаты жоқ 44 адам жұмыстарынан шеттетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны