01.08.2006, 09:33 2724

Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық мекеме шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланады дейді көші-қон полициясы қызметкерлері

ПЕТРОПАВЛ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында үш жүзге тарта мекеме шетел жұмыс күшін пайдаланады, бірақ көп жағдайда -заңсыз, деп мәлімдеді кеше өткен баспасөз мәслихатында басқарма бастығы Сағындық Бегалин.

Жиын, 1 тамызда басталып 31 желтоқсанға дейін жалғасатын заңсыз еңбек кірмелерін заңдастыратын республикалық науқанды өткізу мәселелеріне қатысты болды.

С.Бегалин бұл шараның Солтүстік Қазақстан облысы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Себебі, соңғы жылы аймаққа келген шетелдіктердің саны бірнеше мәрте артқан. Өткен жылдың жеті айында облысқа келген кірмелер саны 28 мың болса, биыл осы аралықта 121 мыңға жеткен. Алайда ресми есеп бойынша, жыл сайын облысқа келетін келімсектер саны 500 бен 1000 аралығында.
Келгендердің басым бөлігі шетелдіктер, олар құрылыста, базарларда, техникалық қызмет көрсету станцияларында, ауыл шаруашылығында заңсыз еңбек етеді дейді С.Бегалин.

Жыл басынан бері елімізге келу мерзімі мен тәртібін бұзғандары үшін екі мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылған.
40 астам шетелдіктің заңсыз еңбек еткендері үшін елде жүру мерзімі қысқартылды. Оған қоса, үстіміздегі жылы облысқа келген кірмелер 29 қылмыс жасаған, оның басым бөлігі -ұрлық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны