14.10.2008, 14:07 1441

Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда өрттер саны 44,4%, шығындар көлемі 59,1% өсті

Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда өрттер саны 44,4%, шығындар көлемі 59,1% өсті

Петропавловск. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда өрттер саны 44,4%, шығындар көлемі 59,1% өсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 2008 жылдың 9 айында 650 өрт шығып, материалдық шығын көлемі 400 млн 886 мың теңгені құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өрттер саны 44,4%, шығындар көлемі 59,1% өсті.

"Өткен мерзімде өрттердің салдарынан 39 адам, ал 2007 жылдың осы мерзімінде 53 адам қаза тапты. Адамдарды өлімге әкеліп жатқан басты себеп - мастық, осындай себеппен 31 адам қаза тапты", - деп хабарлайды департамент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны