Система Orphus

Солтүстік Қазақстан облысында ауыс-түйістер жасалды

21.04.2008, 18:07 2684

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында ауыс-түйістер жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс әкімі Серік Біләловтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы болып Нәзира Құрманкина тағайындалды.

"Ол бұған дейін "Қазақстан" РТРК АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, бас редакторы болып істеген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының бұйрығымен облыстық прокуратурада да ауыс-түйістер жасалды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, прокурордың бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Марат Мағжанов тағайындалды, ол бұрын облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Прокурордың орынбасары қызметіне Қайрат Барыбаев тағайындалды, ол бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің ұлттық ққауіпсіздік органдарындағы тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны