14.07.2008, 17:31 3099

Солтүстік Қазақстан облысында ауруханалардың 35 бас дәрігері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауруханалардың 35 бас дәрігері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Петропавловск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында облыстық, қалалық және аудандық ауруханалардың 35 бас дәрігері облыстық прокуратураның таныстыруы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру нәтижесінде медициналық қалдықтарды сақтау, жинау және пайдалы жаратуды реттейтін заңнама талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Экологиялық және санитарлық-медициналық нормаларды өрескел бұзу оқиғалары тіркелген. Мәселен, медициналық қалдықтарды сақтау, жинау және пайдалы жарату жұмыстарымен тиісті экологиялық қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссия тастауға рұқсат алмаған кәсіпорын айналысқан.

Облыстағы көптеген медициналық мекемелер белгіленген тәртіпті бұзып, медициналық қалдықтарды жай пештерде жағу арқылы өз беттерімен жойып келген. Мұндай қалдықтардың нақты көлемін анықтау мүмкін болмай отыр, өйткені, тиісті бақылау мен есеп жүргізілмеген.

Тексеру қорытындысы бойынша 100 лауазым иесі, соның ішінде 35 бас дәрігер жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны