02.07.2010, 17:30 3816

Солтүстік Қазақстан облысында экология департаменті жалпы сомасы 66 млн теңге болатын алты істі сотқа берді

"Атмосфералық ауаға зиянды заттарды таратқаны үшін "Коммунхоз" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 2009 жылы жасалған шағым бойынша сомасы 66 млн 311 мың теңгенің және рұқсатсыз қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды тастағаны үшін жалпы сомасы 61 млн 863 мың теңгенің алты бірдей ісі сотқа жөнелтілді", - деген ақпарат ұсынды экология департаменті.

Петропавл. 2-шілде. Kazakhstan Today Есіл экология департаментінің Солтүстік Қазақстан бөлімшесінің инспекциясы табиғатқа 66 млн теңге шығын келтіргені үшін алты бірдей істі сотқа берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі экология департаментінің инспекциясына сілтеме жасай отырып.

"Атмосфералық ауаға зиянды заттарды таратқаны үшін "Коммунхоз" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 2009 жылы жасалған шағым бойынша сомасы 66 млн 311 мың теңгенің және рұқсатсыз қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды тастағаны үшін жалпы сомасы 61 млн 863 мың теңгенің алты бірдей ісі сотқа жөнелтілді", - деген ақпарат ұсынды экология департаменті.

Сонымен қатар, табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындарға жалпы сомасы 11 млн 991,5 мың теңге болатын шығынның орнын толтыру туралы 18 шағым жасалды. Табиғат байлығын пайдалана отырып заңды бұзғандар қатарында "СолтүстікҚазақстанЭнерго" АҚ, ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің "Еңбек Қызылжар" бөлімшесі, "Біржан сал Степняк" ЖШС, "АлибиИшим" ЖШС бар.

Департаменттің хабарлауынша, сот шешімі арқылы жалпы сомасы 3 млн 158 мың теңгенің үш шағымы қанағаттандырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны