14.07.2008, 15:53 1577

Солтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту бағдарламасының аясында 1207 әлеуметтік жұмыс орны құрылды

Солтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту бағдарламасының аясында 1207 әлеуметтік жұмыс орны құрылды

Петропавловск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 2005 жылдан бері халықты жұмыспен қамту бағдарламасының аясында 1207 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың бас маманы Гүлнар Шаймерденованың айтуынша, аталған бағдарламада әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар санатын қорғау мен қолдау қарастырылған. 2005 жылы мүгедектер үшін 72 жаңа жұмыс орны құрылған, алайда, "Халықты жұмыспен қамту" заңына толықтырулар енгізудің нәтижесінде онда азаматтардың 10 санаты үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру тетігі айқындалып, әлеуметтік жұмыс орындарын құру қарқыны артты. Тек ағымдағы жылдың бірінші жартысында осындай 372 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдың бағдарламалық тапсырманың 97% құрайды. Жаңадан құрылған әлеуметтік жұмыс орындарының 201-і кедей отбасыларындағы азаматтарға, 73 - жастарға, 38 - мүгедектерге, 16 - зейнетақы жасына тақаған жұмыссыз адамдарға, 92 - басқа санаттағы азаматтарға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны