18.03.2008, 17:07 3162

Солтүстік Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің бастығының орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің бастығының орынбасары тағайындалды

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңадан Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы 17 наурызда аппараттық жиналыс кезінде департамент бастығы Илібек Картов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті басшылығының мамандарды ауыстыру туралы бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары, кедендік қызмет полковнигі Алексей Щепеткин қызметінен босатылып, Ақмола облысының кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары болып бұрын Ақмола облысының кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары болған кедендік қызмет полковнигі 50 жастағы Нұрабай Рахымжанов тағайындалды.

Н. Рахымжанов Қарағанды қаласында туған. Жоғары техникалық және заңдық білімі бар. Кедендік органдарға келерінен бұрын ол ҚР президентінің Күзет қызметінде әртүрлі басшылық қызметтерде болған. 2003 жылы Рахымжанов Нұрабай кеден саласындағы заң бұзушылықтармен және қылмыстармен күрес департаменті бастығының орынбасары болып Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитетіне ауысқан. Ал 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2005 жылы Ақмола облысының Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасарлығына ауыстырылып, сол жерде осы соңғы тағайындалуына дейін қызмет атқарған.

Бұрын хабарлағанымыздай, қаңтар айының соңында Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінде мамандардың ауыс-түйісі жүргізілген. Атап айтқанда, 23 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сержан Дүйсенбаев қызметкерлерге департаменттің жаңа басшысы И. Картовты таныстырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны