02.08.2011, 10:31 2997

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры балалардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін қызметінен босатылды

"Қызылжар ауданының прокуратурасы "Парасат" мектеп-лицейінің қызметіне тексеру жүргізу кезінде "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиеленушілерінің тамағының ақысы ретінде ата-аналардан келіп түскен ақша қаражаты іс жүзінде мектеп бухгалтериясына келіп түспегенін анықтады", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Петропавл. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры балалардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қызылжар ауданының прокуратурасы "Парасат" мектеп-лицейінің қызметіне тексеру жүргізу кезінде "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиеленушілерінің тамағының ақысы ретінде ата-аналардан келіп түскен ақша қаражаты іс жүзінде мектеп бухгалтериясына келіп түспегенін анықтады", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, тамақ пен азық-түлікті сатып алуға қаражат болмағандықтан балалар шағын орталыққа бара алмаған. Ол балалардың конституциялық құқықтарының бұзылуына алып келген.

Сонымен қатар, төрт адамды заңсыз жұмысқа қабылдап, оларға 478 мың теңге көлемінде жалақы төлеу дерегі де тіркелді.

"Тексеру нәтижесі бойынша мектеп директоры коррупциялық заң бұзушылықтары үшін қызметінен алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны