04.09.2017, 11:47 4493

Солтүстiк Қазақстан облысында "Парасатты полицей" республикалық байқауы өттi

Солтүстiк Қазақстан облысында iшкi iстер органдары қызметкерлерi арасында өткен "Парасатты полицей" 8-шi дәстүрлi республикалық байқауыныӊ қорытындысы шығарылды.

Петропавловск. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысында iшкi iстер органдары қызметкерлерi арасында өткен "Парасатты полицей" 8-шi дәстүрлi республикалық байқауыныӊ қорытындысы шығарылды.

Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiӊ бастамасымен өтiп отырған байқаудыӊ мақсаты-iшкi iстер органдарында тiл саясатын насихаттау, полицейлердi отансүйгiштiк рухқа тәрбиелеу, тiлге деген құрметiн арттыру, қызметте және отбасында мемлекеттiк тiлдiӊ қолданыс аясын кеӊейту, сондай-ақ полиция мамандығыныӊ мәртебесiн көтеру.

Биыл "Парасатты полицей" байқауына әртүрлi ұлт өкiлдерiнен құралған 95 полиция қызметкерi қатысты. Қазақстанныӊ барлық облысынан жиналған 19 команда байқауда түрлi творчестволық тапсырмаларды орындау арқылы өздерiнiӊ алғырлықтарын, актерлiк қабiлеттерiн паш еттi. Кәсiби терминдер, мемлекеттiк тiлде сөйлемдердi дұрыс әрi әдемi құрау бойынша бiлiктiлiктерiн сынға салу кезiнде командалар өздерiнiӊ жоғары дайындығын көрсете бiлдi.

Байқаудыӊ жабылу салтанаты мен жеӊiмпаздарды марапаттауға Iшкi iстер министрiнiӊ бiрiншi орынбасары Марат Демеуов, Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

"Iшкi iстер органдары қызметкерлерi арасында "Парасатты полицей" байқауы полиция қызметкерлерiнiӊ бiлiмi мен тәжiрибесiн анықтайтын маӊызды сайысқа айналып отыр. Солтүстiк Қазақстан жерiнде өтiп жатқан байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берiк мемлекеттiк тiлiмiздiӊ мәртебесiн көтеретiн тағылымы мол байқау да аяқталды. Өӊiрiмiзде өткен дүбiрлi додадан жақсы көӊiл-күй мен әсер алдыӊыздар деген сенiмдемiн",-дедi Құмар Ақсақалов.

"Парасатты полицей" байқауыныӊ қорытындысы бойынша қазылар алқасыныӊ шешiмiмен бiрiншi орын алған Ақтөбе облысы IIД-нiӊ "Серт беремiз" командасы үздiк танылды. Екiншi орынды Ақмола облысы IIД-нiӊ "Көкше сақшылары" мен Жамбыл облысы IIД-нiӊ "Тараз қырандары" командалары өзара бөлiстi, ал үшiншi орын Маӊғыстау облысы IIД-нiӊ "Каспий" және ҚР IIМ Қостанай академиясыныӊ "Қабылбаев ұрпақтары" командаларына бұйырды.

Бұған қоса, 6 номинация бойынша келесi командалар жеӊiмпаз танылды:

o "Көрермен көзайымы" номинациясында-Алматы облысы IIД-нiӊ "Мәӊгiлiк ел" және Қарағанды облысы IIД-нiӊ "Алаш айбыны" командалары;

o "Ұйымшыл команда" номинациясында-Астана қаласы IIД-нiӊ "Елорда" командасы;

o "Өнерлi команда" номинациясында-ҚР IIМ Қарағанды академиясыныӊ "Сақшылар ордасы" командасы;

o "Тiлегi мен тiлi бiр"-номинациясында-Қызылорда облысы IIД-нiӊ "сыр сақшылары" командасы;

o "Актерлiк шеберлiгi үшiн" номинациясында-Ақмола облысы IIД командасы жеӊiс тұғырынан көрiндi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны