14.01.2009, 17:46 2713

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері шағын және орта бизнестің 88 өкілінің құқығын бұзу оқиғаларын анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері шағын және орта бизнестің 88 өкілінің құқығын бұзу оқиғаларын анықтады

Петропавловск. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура қызметкерлері шағын және орта бизнестің 88 өкілінің құқығын бұзу оқиғаларын анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназ Шәріпованың айтуынша, тексеру барысында түрлі бақылаушы және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері тарапынан қолданыстағы заңнаманы бұзуға қатысты 630 оқиға әшкереленген. Соған сәйкес 16 наразылық, 39 таныстыру енгізіліп, қолданылған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдардың 79 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны