13.07.2010, 10:50 4175

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен байланысты заң бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапқа тартылғандар қатарында білім беру мамандары алғашқы орында

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған 2312 заң бұзушылықты анықтаған. Тексеру нәтижелері бойынша 81 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 1 мн теңге қайтарылған.

Петропавл. 13-шілде. Kazakhstan Today Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен байланысты заң бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапқа тартылғандар қатарында білім беру мамандары алғашқы орында. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған 2312 заң бұзушылықты анықтаған. Тексеру нәтижелері бойынша 81 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 1 мн теңге қайтарылған.

"Сараптама көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылғандардың көпшілігі білім беру саласының қызметкерлері. Атап айтар болсақ, мектеп және балалар бақшасының 29 директоры. Сондай-ақ, жергілікті атқару органдарының 20 қызметкері (олардың қатарында ауылдық округтың 4 әкімі де бар), аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясының 14 қызметкері, облыстық полицияның 5 қызметкері жауапқа тартылды", - деп прокуратура ақпараттарымен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны