19.05.2010, 16:03 5648

Солтүстік Қазақстан облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғасы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғасы анықталды

Петропавловск. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Есіл экологиялық департаментінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының инспекциясы 3 млн астам теңгенің табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Есіл экологиялық департаментінің инспекциясына сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, табиғатты пайдаланушы кәсіпорындарға 2009 - 2010 жылдары жүргізген тексерулер кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғалары анықталды.

"Ауаны ластаушы зарттарды тастауға берілген рұқсаты болмауға байланысты Есіл ауданының "Еңбек" РМК мен Петропавловск қаласындағы "Көкшетауминводы" АҚ үстінен сотқа тиісінше 2 млн 366 мың теңге мен 622 964 теңгенің шағымдары берілді", - деп хабарлайды экологтар.

"Өндірістік экологиялық қадағалауды жүргізу талаптарын бұзғаны үшін "Петропавловск Халықаралық әуежайы" АҚ-ына 141 300 теңгенің айыппұлы жүктелді", - деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны