04.10.2007, 15:28 2718

Солтүстік Қазақстан облысында тауар тасымалдауды кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану жөніндегі республикалық семинар өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында тауар тасымалдауды кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану жөніндегі республикалық семинар өтуде

Петропавловск. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскде бүгін тауар тасымалдауды кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану жөніндегі республикалық семинар-тренинг басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, семинарға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген кедендік органдардың 40-тан астам қызметкері қатысады. "Жұмыстың бірінші күнінде семинарға қатысушылар "Жаңажол" кедендік постындағы тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларының жұмысымен танысады",- деп хабарлады баспасөз қызметінедегілер.

Ертең, 5-қазанда, семинарға қатысушылар Павлодардың уақытша сақтау қоймаларындағы кедендік органда атқарылып жатқан бақылау процедурасын тікелей көре алады.

Баспасөз қызметінедегілердің түсіндіруінше, тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі - заманауи электрондық құрылғылардың кешені болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны