07.09.2017, 14:44 4651

Солтүстiк Қазақстан облысында жылыту маусымына әзiрлiк мәселелері қаралды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысында 2017-2018 жылдыӊ жылыту маусымына әзiрлiк, техникалық бақылау барысы мен құрылыс нысандарыныӊ сапасы туралы мәселелер қарады.

Петропавловск. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысында 2017-2018 жылдыӊ жылыту маусымына әзiрлiк, техникалық бақылау барысы мен құрылыс нысандарыныӊ сапасы туралы мәселелер қарады.

Жылыту маусымы жайында энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Тасмұрат Қатқадамов баяндады.

"2017-2018 жылдарда жылыту маусымында коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй мен әлеуметтiк сала нысандарын дайындауға бюджеттен 2 млрд. 419 млн. теӊге, кәсiпорынныӊ жеке және кредиттiк қаржысынан 11 218 млн теӊге бөлiнген", - дедi Тасмұрат Қатқадамов.

Осылайша, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ-ғы алдағы жылыту маусымыныӊ дайындығына 5 млрд. 618 млн. теӊге, соныӊ iшiнде жөндеу қорынан 1 млрд. 600 млн. теӊге, инвестициялық бағдарлама 4 млрд 18 млн теӊге бағыттады.

29 тамызға дейiн ПЖЭО-2 9 қазандық агрегаты, 5 турбоагрегатты және 5 бойлер қондырғысын жөндедi. "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ-ныӊ ЖЭО-2-ге көмiр кестеге сай жеткiзiлiп жатыр. Қоймада 126,6 мыӊ тонна көмiр мен 211 тонна мазут бар. Жылыту маусымыныӊ басталуына, яғни 1 қазанға дейiн 204,4 мыӊ тонна көмiр әзiрлеу жоспарланып отыр.

Бюджеттiк мекемелер жылыту маусымына 173,8 мыӊ тонна көлемiнде көмiр жеткiзу бойынша келiсiм жасасқан, оныӊ 163,5 мыӊ тоннасы немесе 94%-ы жеткiзiлдi.

"Үстiмiздегi жылы бiлiм мекемелерiнде 60 қазандықты тысқа шығару жоспарланған. Бiлiм басқармасыныӊ 29 тамызға берген ақпараты бойынша мектептерден шаруашылық тәсiлмен 8 қазандық мекеме сыртына шығарылды, 6-уы бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. 26 қазандық "Сапро-Нат" ЖШС-нiӊ сенiмдi басқаруына берiлдi, сондай-ақ, тағы 26 қазандықты сенiмдi басқармасына беру жоспарланған", - дедi Тасмұрат Оқанұлы.

Ақпаратты тыӊдағаннан соӊ өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов жылыту маусымыныӊ дайындығын күшейтудi тапсырды.

Кейiн техникалық бақылау барысы мен құрылыс нысандарыныӊ сапасы туралы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасыныӊ басшысы Валерий Затай баяндады.

"Өткен мерзiм iшiнде басқарма құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 308 өтiнiштi қабылдады. Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс заӊнамасыныӊ шарттарын ұстану бойынша 188 тексерiс өткiзiлдi", - дедi басқарма басшысы.

Құрылыс саласында аӊнаманы бұзғаны үшiн 23 субъектi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 36 әкiмшiлiк материал сотқа жiберiлдi.

"Облыс аумағында 407 сарапшы мен акредиттеуден өткен ұйымдар жұмыс iстейдi. Басқармамен 2017 жылдыӊ 8 айында анықталған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жою үшiн 82 нұсқама берiлдi. Қазiргi кезде бұзушылықтар жойылды немесе шешiлiп жатыр", - дедi Валерий Затай.

"Сәулет мекемесi - дұрыс жасау тәсiлдерiн ұсынуы керек. Олар тек құжаттардыӊ сәйкес келуiн, сыртқы рәсiмделiн ғана тексередi. Қазiр қайда қарасаӊ да арзан материалдармен қапталған нысандарды көресiӊ. Бұныӊ бәрiн сәулет тексеруi керек. Бiз бұл жұмысты атқаруға көмектесетiн топты құруымыз керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Икiмдiк отырысыныӊ соӊында ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Омаров орақ науқаны бойынша жедел ақпаратты хабарлады.

2017 жылдыӊ 4 қыркүйегiне дейiнгi мәлiмет бойынша, дәндi, дәндiбұршақты дақылдардыӊ 1 млн. 695,9 мыӊ гектары дестеге түсiрiлген, топыраққа салынған, элита 7,2%. Дәндi мен дәндiбұршақты дақылдардыӊ 1 млн. 242,9 мыӊ гектар немесе 42,2%-ы бастырылды. Майлы дақылдарды 337,9 мыӊ гектар орылды немесе 47,3%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны