12.12.2008, 17:53 2925

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде жолаушыларға арналған кедендік терминал ашылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде жолаушыларға арналған кедендік терминал ашылды

Петропавловск. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде жолаушыларға арналған кедендік терминал ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңажол" кеден бекетінде тәулік сайын 400 - 500 автокөлік өтеді. Терминал жеке тұлғалардың қол жүгі мен жүктерін тексеруге арналған сканерлік жабдықтармен жабдықталған.

2008 жылдың 11 айында Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер бюджетке 18,7 млрд теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын аударды, бұл былтырғыдан 3 млрд теңгеге артық.

"Қаңтар- қараша айларында кеден ережелерін бұзу деректері бойынша 51 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде экономикалық контрабандамен күреске қатысты 29, есірткі саудасымен күрес бойынша 17, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша 2, құжат жасау деректері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкері Александр Семенчуктың мәліметінше, 11 айда 50,8 килограмм есірткі, соның ішінде 22,8 килограмм героин заңсыз айналымнан шығарылды.

"Беті ашылған экономикалық қылмыстар бойынша тәркіленген тауарлар мен валюта көлемі 129,4 млн теңге болды, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегіден 60,4 млн артық", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны