27.04.2017, 21:56 2966

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов әкiмдiктiӊ отырысын өткiздi

Баяндаманы тыӊдай келiп, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өткiзiлетiн шаралардыӊ сапасына көӊiл бөлу керектiгiне назар аударды.

Петропавловск. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен өткен облыстық әкiмдiктiӊ отырысында ҚР Президентi Н.И. Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ Үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауын түсiндiру және насихаттау бойынша ақпараттық саясатты жүзеге асыру, жазғы каникул кезiнде балалардыӊ сауықтыру демалысын, көӊiл көтеруi мен бос уақытын ұйымдастыру, орман өрттерiнiӊ алдын алу және олармен күрес мәселелерi талқыланды. Бiрiншi мәселе бойынша Iшкi саясат басқармасыныӊ басшысы Исем Рахметова баяндады.

"Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын түсiндiру және насихаттауға арналған шаралар аясында облыста 15 ақпараттық топ жұмыс iстейдi, оныӊ 1-уi - облыстық, 1-уi - қалалық, 13-i - аудандық. Топтағылардыӊ жалпы саны - 616 адам. Жолдау жарияланғаннан берi 822 кездесу өткiзiлдi, оған 71067 адам қатысты. Есептi кезеӊде БАҚ-та 535 материал жарияланды, 13 ақпараттық кесте орналастырылды, қазақ және орыс тiлдерiнде 274 электронды телесюжет берiлдi", - дедi Исем Рахметова.

Бұдан басқа, жыл басынан берi Өӊiрлiк коммуникациялар қызметiнде 45 брифинг өттi. Облыстыӊ басқармалары мен департамент басшыларыныӊ қатысуымен өткен шарада 2016 жылдыӊ жұмыс қорытындысы және ҚР Президентi Н.И. Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ Үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауын түсiндiру тақырыптары талқыланды.

Баяндаманы тыӊдай келiп, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өткiзiлетiн шаралардыӊ сапасына көӊiл бөлу керектiгiне назар аударды.

"Мемлекет басшысыныӊ стратегиялық құжатын, ондағы философилық ойлар мен мәселелердi түсiнiктi етiп, қарапайым тiлмен түсiндiру үшiн, үгiтшi мәселенiӊ не жайында екендiгiн өзi нақты бiлуi керек. Бiз кейде өзiмiз түсiнбей, нысаншылыққа ұрынамыз. Оларға көмектесу керек. Қабылдай алатындарға көмектескен жөн, үйрену, жаӊғыру қажет. Кеше Президент Ассамблея сессиясында: "Уақыт өте тез өтедi, қоғам өзгередi, Илемдегi трендтер өзгерiп жатыр, бүкiл әлем сияқты ел де дамиды", - дедi. Сондықтан бiз де тез қозғалуымыз қажет. Жолдауды жүзеге асырудыӊ нақты қадамдарын, нақты нәтижелерiн көруге тиiспiз", - дедi өӊiр басшысы.

Екiншi мәселе бойцына Бiлiм басқармасыныӊ басшысы Шолпан Каринова баяндады.

"Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру лагерi бар, оныӊ 3-уi Ақмола облысына қарайды, 2-уi - "АйыртауСтройТранс" ЖШС-нiкi, 1-уi - Ақмола облысы аумағында орналасқан. Үстiмiздегi жылы 1 маусымда 1935 баланы қамтитын 15 жазғы сауықтыру лагерi жұмыс iстейтiн болады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бере алмайтындықтан, Тимирязев ауданындағы лагерь екiншi жыл жұмыс iстемейдi, Уәлиханов және Ақжар аудандарында лагерь жоқ", - дедi Шолпан Каринова. Басқарма басшысыныӊ сөзiне қарағанда, аз қамтылған отбасылардыӊ 7789 баласы демалатын болады, оныӊ 4322-сi - мектеп жанындағы сауықтыру алаӊдарында, 3467-сi - қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнде. 326 жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалады.

Өӊiр басшысы балаларды қатерге тiкпес үшiн, демалыс нысандары мен қызметкерлердi әзiрлеуге ерекше көӊiл бөлудi тапсырды.

"Аудандардыӊ әкiмдерi қауiпсiздiкке жеке жауап бередi, IIД-мен бiрге кадрларға тексеру жүргiзу керек. Сотты болғандары бар-жоғын, техникалық қызметкерлердiӊ бәрiн тексеру қажет", - дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, облыс әкiмi жазда балаларды барынша қамту мақсатында бiрмезеттiк шаралар өткiзу қажеттiгiн де атап айтты.

Табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Қабиден Сәдуақасов облыс әкiмдiгiнiӊ қарамағына жататын орман алқаптарыныӊ аумағы 549 мыӊ гектар екенiн тiлге тиек еттi

"Орман шаруашылығы мекемелерiнде 39 орманшылық бар, оларда орта есеппен 1,5-2 мыӊ гектар аумақты қарайтын 354 орманшы еӊбек етедi.Биылғы өрт қауiпсiздiгi кезiнде орман өрттерiнiӊ алдын алу және тiлсiз жаумен күресу үшiн 16 өрт сөндiру станциясы, 16 өрт сөндiру машинасы, 30 өрт сөндiретiн сыйымдылық, жер жыртатын тiркемелерiмен 77 трактор әзiр етiлдi", - дедi Қабиден Сәдуақасов.

Өӊiр басшысы өрт қауiпсiздiгiне байланысты барлық шараларды қолдануды тапсырды. Ондай бола қалған жағдайда кiнәлiлер жазаға тартылуға тиiс. .

"Сiз бәрiн сараптамадан өткiзуге тиiссiз. Ол адамдардыӊ жауапкершiлiгi қандай деӊгейде? Ауылдық округ әкiмiнiӊ қандай жауапкершiлiгi бар? Жер пайдаланушылар неге жауап бередi? Осы адамдарды жауапкершiлiкке тартудыӊ тетiгiн маған бер. Жағдайды бақылау үшiн сiздердiӊ техникаларыӊыз жеткiлiктi. Биыл жаз құрғақ болады деп күтiлуде. Сондықтан барлық қорғаныс шараларын қолдану өте маӊызды", - дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны