11.09.2017, 12:37 4294

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмі Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

"Есiл өзенi Қазақстанныӊ су саласында ерекше орын алады. Еӊ көрiктi жерi Солтүстiк Қазақстан облысында. Сондықтан Есiл өзенiн бiз сақтауымыз керек. Өзен, оныӊ салалары бiр мыӊ, екi мыӊ жыл бұрын қандай болғанын зерттеуiмiз керек",-дедi Зарқын Тайшыбай.

Петропавловск. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде азаматтарды қабылдау өткiздi.

Облыс әкiмiне ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн жер телiмiн бөлу, сол сияқты "Туған жер" бағдарламасы аясында "Қазақтыӊ даӊқты Есiл өзенi" бағдарламасы бойынша кешендi шараларды жүзеге асыру, "Береке" шағынауданында инфрақұрылымдар жүргiзу, "ПСХ" ЖШС құрамынан шығу жөнiнде өтiнiштер бiлдiрiлдi. Одан басқа Петропавл қаласын абаттандыру және СҚО-да гастроном брендiн құру жөнiнде ұсыныстар айтылды.

"Туған жер" бағдарламасы аясында "Қазақтыӊ даӊқты Есiл өзенi" бағдарламасы бойынша кешендi шараларды жүзеге асыру бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ профессоры, Қазақстанныӊ еӊбек сiӊiрген қайраткерi Зарқын Тайшыбай жүгiндi.

"Есiл өзенi Қазақстанныӊ су саласында ерекше орын алады. Еӊ көрiктi жерi Солтүстiк Қазақстан облысында. Сондықтан Есiл өзенiн бiз сақтауымыз керек. Өзен, оныӊ салалары бiр мыӊ, екi мыӊ жыл бұрын қандай болғанын зерттеуiмiз керек",-дедi Зарқын Тайшыбай. Сол сияқты ол "Солтүстiк Қазақстанныӊ электронды топономикалық базасын" жасау қажеттiгiн де алға тартты.

"Билiктегi адамдар экономиканы ғана емес, тарих және болашақ туралы да ойлауы керек. Есiл-облыстағы еӊ iрi өзен. Бiз тарихты зерттеп, болашақта қандай жобаларды жүзеге асыру, тәрбие жұмыстарын жүргiзу қажеттiгiн бiлуiмiз керек. Мен сiздiӊ ұсынысыӊызды толығымен қолдаймын",-дедi Құмар Ақсақалов.

Никита Белянкин Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ гастрономия брендiн құру жөнiндегi жобасын тiлге тиек еттi.

"Бiз облыста өсiрiлген өнiмдердi пайдаланатын боламыз. Өӊiрдiӊ әлеуетi ауқымды. Бұл бағытта елiмiзде бәсекелестер жоқ",-дедi Никита Белянкин.

Барлық жүгiнулер бойынша облыс әкiмi ведомство басшыларына, аудандар мен Петропавл қаласыныӊ әкiмдерiне тиiстi тапсырмалар бердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны